Өркениет

"Екі інім мен сіңілім бар": Әсел Сәдуақасова әкесімен қалай танысқанын айтып берді

  • "Екі інім мен сіңілім бар": Әсел Сәдуақасова әкесімен қалай танысқанын айтып берді

Қазақстандық танымал актриса Әсел Сәдуақасова әкесімен 30 жылдан кейін қалай табысқаны туралы егжейлі-тегжейлі түрде айтып берді. Әкесі мен қызының таныстығы туралы толық ақпаратты KAZ.NUR.KZ  материалынан біле аласыздар. 

Әсел Сәдуақасованы әкесімен көрісуге карантин режимі итермелеген десе де болады. Актриса халық үшін аса ауыр кезеңде жақындары жайлы көбірек ойлана бастап, әкесімен танысуға бекінген. Ол отыз жыл бойы көрмеген жақын адамымен кездесуі қалай өткені туралы Instagram парақшасында айтып берді. "Бүгін, уәде еткенімдей әкеммен қалай танысқанымды айтып беремін. Алдымен анамның ақылы мен данагөйлігін ерекше атап өткіп келеді. Ол кісі ешқашан әкем туралы жаман сөз айтпаған. Әдетте, ажырасқан жұптар арасында мұндай жағдай заңдылық болып келеді. Менің анам өздігінен әр қадамына сенімді, барлығына өз күшімен қол жеткізген әйел. Ол керісінше, менің әкем жаққа қатты ұқсайтынымды айтып келген. Анам болашақта мен әкеммен танысқым келіп жатса, ол аса қуанышты болатынын да айтқан. 

Мен танымал бола бастағанда маған туысқандарым қоңырау шала бастады. Сол кезде анам маған әкемнің анасымен әжеммен араласуым керек екенін айтты. Ол кісі мені сондай қатты жақсы көретін. Бірнеше жыл бұрын мен арнайы барып, алдымен әжем мен тәтелеріммен таныстым. Барлығымыз бас қосып, менің балалық шағымды еске алдық, Олар мен кішкентай болсам да, сол кезден көп нәрсе есімде қалғанына таңғалды. Содан кейін мен жылына екі мәрте әжеме барып тұратын болдым. Өткен жылы ол кісі өмірден өтті. Сол кезде менің әжеммен араласуыма септігін тигізген анама алғысымды айттым. Мен ол кісімен танысып үлгергеніме сондай қуаныштымын. Карантин уақытында қайғылы жағдайлар көп болып кеткен соң, мен әкеммен танысу жайында ойлана бастадым. Бір жағдай болып, оны көріп үлгере алмай қалым мүмкін екенін түсіндім. Сол сәтте онымен де танысуға бекіндім. Нәтижесінде мен оған бардым. Біз күшті әңгімелесіп отырып қайттық. Менің екі інім мен сіңілім бар екен. Бұл қадамға барғаныма қуаныштымын. Егер сіздерде де ата-анаңызбен танысу мүмкіндігі болса, ойланудың қажеті жоқ. Өзінің жеңілдеп қаласыз. Мен бұл кездесуге дейін бірнеше жыл бойы өкпе-ренішіме қатысты психологпен жұмыс істедім. Ата-ананы біз таңдамаймыз. Олардың араларында не болғанын да білмеймін. Бірақ, екеуіне де алғысым шексіз" , - деп жазды актриса. 

KAZ.NUR.KZ




Көрілген: 4330    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.02.2021, 22:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30