Өркениет

Екінші рет тұрмыс құрған Жорабаева күйеуі туралы айтты

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Отандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева бірер күн бұрын қыздарының келісімімен екінші рет тұрмысқа шыққанын хабарлап, көпшілікті таңғалдырған болатын. Өнер иесі жүрегін жаулап алған азаматтың кім екенін біле алмай әлек болған жанкүйерлеріне сүйіктісі туралы бар шындықты өзі айтып берді. Белгілі болғандай, көпбалалы әнші өзінен екі жас кіші ер адаммен көңіл қосқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Соңғы екі күнде жеке өмірі қызу талқыланып жатқан Алтынай Жорабаева халықпен байланысқа шығып, ел көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Ол Instagram парақшасына арнайы видео үндеу жүктеп, тың мәліметтермен бөлісті. Екінші рет тұрмысқа шыққан өнер иесінің таңдауы арғын руынан шыққан қостанайлық жігітке түскен. Әнші жолдасының мінезі туралы айтып, жүзікті не себепті ел алдында тақпағанын түсіндірді.

 

"Қайырлы күн қымбаттыларым. Қалайсыздар? Міне байқағаныңыздай жүзік тағылды. Ол халықтың алдына шығып таққысы келген жоқ. Себебі, ол өзі ұялшақ жігіт, кішкене орыс мінезді. Өнерді онша түсіне бермейді. Халықтың алдына шығу ол үшін аса қиын сияқты көрінеді. Сол үшін оған да түсіністікпен қарайық. Ол туралы қысқаша мәлімет - Қостанайдың жігіті, арғынның жігіті.

Менен екі жас кішкентайлығы бар. Қыздарыма жақсы әке болып жүр деп есептеймән. Себебі, қыздарымның келісі көбірек болды маған қарағанда. Халықтың алдында жүрген өнер адамы болғандықтан, қырықтан асқан келіншек болғандықтан менің әрбір қадамым сынға түседі. Мен бұл шешімді ұзақ ойланып шештім. Тілектеріңізге размет. Өздеріңізге еселеніп қайтсын" , - деді Жорабаева.

 

Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаеваның жолдасы туралы оның келіні айтып қойған болатын. Талғат Жорабаевтың жары қайын әпкесі өзіне одан бетер жақындай түскенін астарлап жеткізді.

 




Көрілген: 10535    Пікірлер: 0

жұма, 22.05.2020, 11:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31