Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Екпе салып, парацетамол ішіп шықтым": Айқын концерт кезінде сырқаттанып қалған

15 желтоқсан 2021, 16:05

Жаңа әндерімен қоса, ескі хиттері де әлі күнге дейін трендтен түспейтін Айқын Төлепбергеннің кешінде зал лық толы болды. Әнші дәл осындай лайф форматта концерт беруге әрқашан дайын екенін айтады.

Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтылды.

"Үлкен концерттер жабық кезде, кішкентай кафелерде концерт берген жақсы. Біз мысалы тойға гонорарды үлкен қылып қоямыз. Мынандай концертке келгенде біз екі есе қысқартамыз. Себебі, өзімізге осындай концертте жұмыс істеген ұнайды", - дейді Айқын.

Төлепберген карантин жеңілдетілгелі бері, соңғы бірнеше ай бойы тынымсыз еңбек еткен көрінеді. Сондықтан да әнші: "Өнер адамдарына ауыруыға болмайды", - дейді.

"Біз тұмауға қарамаймыз, концерт бере береміз. Мысалы, жақында Түркістан қаласында концерт бердім, сол кезде ыстығым көтеріліп тұрды. Екпе салып, "парацетамолды" іштік те, сахнаға шығып кеттік", - дейді әнші.

Айқын үшін осы жыл талай шектеулерге қарамастан жемісті болған екен. Өнер иесі кинопродюсер атанып, өзінің фильмін таспалап, талай хит шығарды. Ал оның жаңа жылға дейін әр сағаты тығыз кестеге түзулі.

"Менде 16-нан 31-не дейін әр күнім жазылған. Арасында 1-2 күн демалып қаласың. Биыл жұмыс өте қарқынды жүріп жатыр", - дейді Төлепберген.

Сондай-ақ, бүгінде үй салып жатқан Айқын жаңа жылдан кейін отбасымен АҚШ-қа демалысқа аттанбақ. Төлепберген туған күнін шетелде атап өтуге ниетті.

stan.kz