Өркениет

Экс министр Ұлттық киноны қолдау орталығына басшысы болып тағайындалды

  • © kazakhcinema.kz

    © kazakhcinema.kz

Есетжан Қосубаев Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады ведомствоның сайты.

 

"Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып Есетжан Қосубаев тағайындалды", - делінген хабарламада.

 

Бұған дейін бұл қызметті Гүлнәр Сәрсенова атқарды. Осы жылдың мамыр айында ол мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге көмектесіп, орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы кеңселерде тексеріс жүргізілді, нәтижесінде тергеу органдары жұмыс құжаттамасының бір бөлігін тәркілеп алды.

 

Есетжан Қосубаевтың өмірбаяны

 

1955 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1980 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмамдаған.

 

Есетжан Мұратұлы Қосубаев мемлекеттік басқару органдарында қызмет еткен, Қазақстанның мәдениет, ақпарат және спорт министрлігін басқарған, медиакомпаниялар мен қоғамдық құрылымдарға басшылық етіп, мәдениет саласында түрлі жобаларды ұйымдастырған.

 

Әр жылдары "АРТ-Центр"продюсерлік орталығының бас директоры, "Алматы - моя первая любовь" ретро фестивалінің продюсері және жүргізушісі болған, "Азия дауысы" халықаралық музыкалық фестивалінің іргетасын қалағандардың бірі.

 

"Асыл мұра" қамқоршылық кеңесінің құрамында болған, соның арқасында көрнекті қазақ композиторларының шығармалары бар бір жарым мыңнан астам мұрағаттық жазбалар қалпына келтірілген.

 

Бірнеше жыл бойы мәдени-қоғамдық институттарды басқарған. Коммерциялық және қаржы құрылымдарын басқару тәжірибесі бар.

 

Қазақстанды мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамыту қорының бас директорының орынбасары,  "Бөбек" балалар қайырымдылық қорының вице-президенті,  "Kazenergy" қоғамдық қорының президенті лауазымдарында қызмет еткен.

 

"Алтын-Алма" АҚ басқарма төрағасы, "Атамекен" Одағы" Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасының басқарма мүшесі болған.

 

2002 жылы мемлекет басшысы әкімшілігінің баспасөз орталығының басшысы лауазымына тағайындалған.

 

2004 жылы &mdash президент әкімшілігі ішкі саясат басқармасының БАҚ және қоғамдық байланыс бөлімінің жетекшісі.

 

2004 жылдан 2006 жылға дейін &ndash Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және спорт министрі. 

 

Есетжан Мұратұлы отандық медиақұрылымдардың, кино мен телевизияның аяққа тұруына және дамуына зор үлес қосқан. "Рауан Медиа Групп" компаниясының директорлар кеңесін басқарған.

 

1998 жылы Орталық Азиядағы ең ірі кинофорум - "Евразия" Бірінші халықаралық кинофестивалінің бас директоры болып тағайындалған. Еуразия телевизия академиясының мүшесі (Мәскеу қаласы).

 

2001 жылы Қазақстандағы алдыңғы қатарлы медиакорпорацияның - "Қазақстандық телевизия және радио" Республикалық корпорациясын»" ЖАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған.

 

Қосубаевтың шығармашылық өмірбаянында жеке актерлік тәжірибесі бар, соның ішінде атақты кеңес режиссері Юрий Чулюкиннің  "И в шутку, и всерьёз..." фильмінде (1963 ж.) басты рөлді сомдаған. 

 

"Құрмет" және 2 дәрежелі "Достық", Ресейдің Чернобыль ардагерлер комитетінің "Долг и честь" ордендерімен, сонымен қатар, түрлі төсбелгілермен және медальдармен марапатталған, оның ішінде БЛКЖО ОК "Еңбек ерлігі" белгісі, "ЧАЭС апаттың салдарын жоюдың қатысушысы" құрмет белгісі, "Шапағат" медалі, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі, "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" медалі және Қазақстан президенті атынан бірқатар алғыс хат берілген.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1442    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 20:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31