Өркениет

Елбасы «Астана Опера» театрында Мария Мудряктің концертін тамашалады

  • Елбасы «Астана Опера» театрында Мария Мудряктің концертін тамашалады

    Елбасы «Астана Опера» театрында Мария Мудряктің концертін тамашалады

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» театрында опера әншісі Мария Мудряктің «Сен үшін, менің Қазақстаным!» атты жеке концертін тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасы сайтына сілтеме жасап.

М.Мудряк «Болашақ» бағдарламасы бойынша Миланда Жоғары музыка академиясында білім алған. Кейін Дж.Верди атындағы Мемлекеттік консерваторияны сәтті тәмамдады. Көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты. Бүгінде М. Мудряк атағы әйгілі театрлардың сахналарында өнер көрсетіп келеді және көрермен сұранысына ие опера әншілерінің бірі.
Бүгінгі концерт ҚР Тұңғыш Президенті күні және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Мерекелік бағдарламаға, сондай-ақ баритон Владимир Стоянов (Болгария) және «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі қатысты. Дирижер – Альвизе Казеллати (Италия). Концерт соңында Н.Назарбаев М.Мудрякпен әңгімелесті. Опера әншісі Елбасымен алдағы шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Атап айтсақ, М.Мудряк Қазақстанда тағы бірнеше концерт беруді жоспарлап отыр, сондай-ақ ЭКСПО Дүниежүзілік көрмесі аясында БАӘ-де өнер көрсетпек. ҚР Тұңғыш Президенті опера әншісінің жоғары кәсіби шеберлігін атап өтіп, оған шығармашылығына одан арғы табыс тіледі.




Көрілген: 785    Пікірлер: 0

сенбі, 27.11.2021, 22:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31