Өркениет

"Елді қырса, кетсін": Меруерт Түсіпбаева жауапсыз шенділерге ашуланды

  • "Елді қырса, кетсін": Меруерт Түсіпбаева жауапсыз шенділерге ашуланды

Меруерт Түсіпбаева Жамбыл облысында болған жарылыстың алдын алмаған жауапсыз шенділерге ашуланды. Ол "қолынан түк келмейтін" қызметкерлерден орын босатуды сұрады, деп жазады Stan.kz.

Әнші соңғы кездері әлеуметтік желіде үнсіз болуының себебін түсіндірді.

"Достарым! Көптен фото, жазба қалдырмадым… Кешірім сұраймын. Таразда болған қасіреттен кейін, "пир во время чумы" деп орыстар айтпақшы, халқым қан жылап, бейбіт заманда жақындарынан айырылып жатқанда, өйтіп жатырмын, бүйтіп жатырмын деп, жылтылдап, мәнсіз жырқылдақты салғым келмеді.

Мен не айта аламын?! Аллах тауфих берсінші, үстіндегілерге! Ұйықтамай, халықтың сенімін ақтап, жауапкершілікпен атқарсын қызметтерін! Қолдарынан түк келмей, елді қырса, кетсін! Есік ашық! “Үкібайсыз“ да ел болғанбыз! Елге жаны ашитын, талантты адамдарға берсін тізгінді. Енді осындай қасірет түспесе екен басымызға. Ел аман, жұрт тыныш болса екен", - деп жазба қалдырды ол.

Оқырмандар әншіге көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

"Халқым деп соққан жүрегің ұзағынан соқсын, жанашыр, біртуар адамдардың қатарындасың, дұрыс айтасың, кейбіреулер санасыз құсап, қайғылы жағдай болып жатса жыртыңдап телефоннан түспей өзекті өртейді, ат салысып ылғи пост жазып ортақтасып жүрген ниетің түзу болсын Меру", "Өте дұрыс айттыңыз. Шынымен де кешегі қайғылы жағдайда, инстаға ананы мынаны салып отырмағаныңыз дұрыс бопты. Елмен бірге болатын сіз сияқты жандар аман болсын", - деп жазды олар.




Көрілген: 695    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.09.2021, 09:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31