Өркениет

"Елес қуған сайыпқыран" фильмі көрерменге жол тартпақ

  • "Елес қуған сайыпқыран" фильмі көрерменге жол тартпақ

Алғашқы түсірілімі сонау 2011-ші жылы басталған қазақстандық режиссер Марина Кунарованың "Елес қуған сайыпқыран" фильмі жуырда прокатқа шығатыны жөнінде біз бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Фильмді қазақстандықтардан кейін америкалық көрермендер көретін болады. Баспасөз мәслихатында фильм продюсері Ернар Мәліков қазірдің өзінде бірнеше кинопрокаттаушылармен келісімге отырып үлгергенін, алдағы мамырда әлемдік прокатқа шығатынын да мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Фильмнің Алматыда өткен премьерасына басты рөлдерде ойнаған Санжар Мәдиев пен Никита Пресняков та келді. Олар түсірілімнің қай күні басталып, қай күні аяқталғанын естеріне түсіре алмаса да, өзара сыйластықта болғандарын, бір бірімен жұмыс істеу өте жеңіл болғанын айтып ағынан жарылды.

Фильм сюжеті жақын болашақта Ғаламдық корпорацияның жер бетіндегі қылмыс атаулыны толықтай жоюға бағытталған GS-кодты іске қосқанда орын алуы мүмкін өзгерістерді баяндауға негізделген. Алғашында бұл жаңалықты адамзатқа берілген сый ретінде қабылдаған қоғам қолданысқа жаппай енгізуге кіріседі. Алайда адамдар ол уақытта GS-код қауіпсіздіктен бөлек қандай мақсатта жасалғанын білмеген еді. Ал негізінде корпорация "Елес" бірегей қауіпсіздік жүйесін жер бетіндегі барлық адамды бақылауда ұстау үшін құрған болатын. Шынтуайтында "Елес" жүйесі іске толықтай қосылған уақытта жер бетіндегі жағдай бұрынғыдан да күрделене түседі. Адамдардан маза қашып, түсініксіз жайттар жиі-жиі орын ала бастайды. Фильмдегі тергеуші-полиция қызметкері Тимурдың рөлін – Санжар Мадиев сомдаса, ал ғаламдық құйтырқы жобаның бел ортасында қалған күдікті-хакер Зак рөлінде – Никита Пресняков ойнайды. Фильмдегі екі кейіпкер әлемді «жаңа технологияның» құрсауынан тезірек шығармаса, көп ұзамай өздерінің де торға түсетінін білді.

"Елес қуған сайыпқыран" фильміндегі көріністердің 40 пайызы компьютерлік графикалармен жасалғанына қарамастан, барлық трюктарды актерлардың өздері жасаған. "Әлі есімде, жасыл фонда парашютпен түскенімізде бізді жіппен байлап қойды. Біз онда 40 минуттай асылып тұрдық. Түсірілім аяқталған соң көпке дейін өнебойым ауырып жүрді", – деп еске алды Никита Пресняков.

Түсірушілер фильм бюджеті туралы айтуға құлық танытпады. Алайда фильмді түсіруге бөлінген қаржының негізгі бөлігі голливуд актерлары - Арманда Ассанте мен Кристаны Локенге, сондай-ақ, Әсел Сағатова, Камила Ермекова, Игорь Бабичев пен Владимир Толоконников секілді қазақстандық актерлерге берілгенін айтты. Естеріңізге саламыз "Елес қуған сайыпқыран" фильмінің орыс тіліндегі саундтрегін Әли Оқапов айтқан болса, ал ағылшын тілінде нұсқасын Никита Пресняков орындап шықты.

Фильм "Қазақфильм" киностудиясы мен MG Production кинокомпаниясының бірлескен жобасы болып табылады. Фильм қазақстандық прокатқа қазақ және орыс тілінде қатар шығатын болады. «Алаш айнасы»




Көрілген: 1386    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.01.2014, 13:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31