Өркениет

Елордада Шөмішбай Сариевтің жаңа кітабы таныстырылып, ақын атындағы зал ашылды

  • Елордада Шөмішбай Сариевтің жаңа кітабы таныстырылып, ақын атындағы зал ашылды

    Елордада Шөмішбай Сариевтің жаңа кітабы таныстырылып, ақын атындағы зал ашылды

Нұр-сұлтанда ақын, әдебиеттанушы, ғалым және Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Шөмішбай Сариевтің «Жүрегім – қазақ елі» атты жаңа туындысының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шөмішбай ағамызды қанатты ақын деп бекер атамаған. Оның бір қанаты - ақындық болса, екінші қанаты - жыр шумақтары. Шөмішбай Сариевтің өлеңдерінде өмір мен табиғат сұлулығы керемет көркемделген. Сондай-ақ, ақынның лирикалық өлеңдері мен жырлары тыңдарманның жүрегін тез жаулайды. Шөмішбай ағамыздың сөзіне жазылған әндерді Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Нұржамал Үсенбаева, Бағдат Сәмединова және тағы басқа елімізге танымал әншілер орындап жүр. Сол сияқты талантты ақынның шығармалары мәдениет, әдебиет саласындағы түрлі мемлекеттік сыйлықтар мен құрметтерге ие», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымбекова.

Ақын кітабының тұсаукесері елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада өтті. Және аталған шараға қоғам және мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен ақынның замандастары қатысты. Сондай-ақ, ұлттық кітапханада «Қос қанатты ақын» атты Шөмішбай Сариев есімі берілген зал ашылды. «Бүгін ашылған залдағы мұралар арқылы қазіргі және кейінгі жас ұрпақ ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығымен етене таныса алады. Талантты ақынның еңбектері жастарды шығармашылыққа баулитынына сенімдімін. Ағамыздың мәдениет пен әдибеттегі ізі мен мұрасы ғасырдан ғасырға жалғасады деген ойдамын. Және осы істің басы-қасында жүрген жандарға алғысымды білдіремін. Ақынның шығармалары мәңгі жасай берсін», - дейді министр. Еске сала кетсек, елге еңбегі сіңген қайраткер Шөмішбай Сариев биыл ақпан айында дүниеден өтті.

ҚазАқпарат




Көрілген: 544    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.11.2021, 14:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31