Өркениет

Елордалық егіз қыз Түркияның "Голос" жобасының қазылар алқасын таңғалдырды

  • https://kaz.tengrinews.kz/

    https://kaz.tengrinews.kz/

Елордалық егіз қыз Аяна мен Диана Тайбековалар түріктің "Голос" жобасына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Көрмей тыңдау кезінде қыздар әнші Jessie J-Price Tag әнін орындады. Барлық тәлімгерлер қазақстандықтарға бұрылды. Ұзақ талқылаудан кейін олар Түркиядағы танымал әнші Мұрат Боз командасына барды.

 

"Есімде демалыстардың бірінде Аяна қоңырау шалып, ескі қаладағы кастингке келуімді өтінді. Мен бұл идеяға қарсы екенімді айттым. Әрине, мен ән айтқанды жақсы көремін, бірақ менің ән айтқанымды туыстарым мен жақындарым ғана еститін. Бірақ ол айтқанынан қайтпай мені көндірді. Кастингтен кейін бізге: "Біз сендерге хабарласамыз" деді. Мен Аянаға олар бізге қоңырау шалмайтынын айттым. Аяна өтетінімізге сенімді болды. Сөйтіп кастингтен өттік, бізді Ыстамбұлға шақырды", - деді Диана Тайбекова.

 

Апалы -сіңлілер іріктеу кезеңінен және қойылымның өзінен ұмытылмас эмоциялар алғанын айтты. Олар әр аймақтың талантты орындаушыларымен кездесті.

 

"Уайымдағаннан қолдарым мен аяқтарым дірілдеп кетті. Сахнада тұрғанда ешкімді көрмедім. Қазылар алқасы бұрылғанын немесе бұрылмағанын түсінбедім, әрі қарай ән айтуды жалғастырдым. Музыка аяқталғанда барып төртеуінің де бұрылғанын көрдім. Сол кезде өтетінімізді түсіндім", - деді Диана.

 

 

Қазір апалы-сіңлілер Антальяда тұрады. Диана туризм саласында төрт жылдан бері, Аяна 7 айдан бері жұмыс істейді. Қыздар Түркияға төрт жыл бұрын алғаш рет практикадан өтуге келген. Олар Нұр-Сұлтан қаласындағы Тұран колледжін туризм менеджері мамандығы бойынша бітірген. Қазақстанда әншілер X-Factor, Qazaqstan daysy жобаларына қатысқан.

 

 

 

 

 




Көрілген: 1054    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.10.2021, 10:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31