Өркениет

"Ең ауыр нәрсе, құдай басқа бермесін!" Айгүл Қосанованың отбасындағы қиын кезең туралы

Дәстүрлі әнші, домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанованың жары Жүніс Сәлімгереев "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында жарымен танысқан кезі, кәсібі, үйленуі тойы, өмірдегі ең бақытты сәті туралы әңгімелеп, отбасының басына түскен қиын сәтті есіне алды.

 
Бағдарлама қонағы едәуір жас айырмашылығына қарамастан, жарымен қалай танысқанын айтып берді.

"Айгүлмен 1997 жылы таныстым. Қазақстанда Ұлттық гвардия оркестрі бар, сол оркестрде Айгүл әнші болып жұмыс істеген. Менің жерлестерім облыстық филармонияның концерт залына шақырып, ең алғаш көрген кезім концертте болған", - деді ол.
Бағдарлама қонағы жарының өнеріне емес, өзіне ғашық болғанын, тіпті ата-анасы қойған талаптарды орындауға қарсы болмағанын айтты.

"Отбасын құрғанымызға 24 жыл болды. Үйленген кезде де ата-анасының қойған талаптарының бірі - "Айгүл - өнер адамы. Үйленген кезде отбасы, ошақ қасында қалып қоймасын. Өмірін өнерге арнаймын деп келген адам болғасын, сен оған қысым жасама" деді. Қазақта "Аманатқа қиянат жасама" деген сөз бар. Мен кімге үйленіп жатқанымды білгендіктен, Айгүлдің концерті мен сапарларына кедергі жасамаймын. Өнерде танымал болуына барынша көмектесіп келе жатырмын", - деді ол.
Сонымен қатар, қызық оқиғасын есіне алды.

"Жолы болған жігіттердің бірімін. 1987 жылы стадионға жаяу барып, сол стадионда лотерея ойнатып, көлікпен қайтқан қазақпын. "Жигули 21 063" деген көлік болды. Ол кезде ең мықты машина "Волга" мен "Жигули" болған. Сол менің бағым деп ойлаймын", - деп қызық оқиғасын бөлісті ол.




Көрілген: 3018    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.10.2021, 10:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30