Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Енді жасыра алмаймын»: Жанна Әбуова ұлының әкесі туралы айтты

08 сәуір 2019, 16:11

Қуандық Рахым, Тәуекел Мүсілім және тағы басқа жұлдыздардың қанатын қатайтып, елге танымал қылған продюсер Жанна Әбуова өз шындығымен бөлісті. Бұл туралы qazbrand.info жазды.

Продюсер ұлының атақты әншіден екендігін жасырмай айтты. Ол кім болды екен?..

Желідегілердің бірі ол Мейрамбек Беспаев болуы мүмкін десе, бірі Қыдырәлі Болманов деп жорамалдап қоймайды.

Бұған продюсердің:

„Әкесі орысша білмейді, сондықтан қазақшасы жақсы, намаз оқығысы келеді, Алла туралы көп айтады балам„ дегені түрткі болған.

Одан соң Жанна Абуова тоқал екенін де жасырмады:

„Мұсылманша неке қидырдық. Сондықтан баламның заңды әкесі бар. Заңды түрде дүниеге келді. Бірақ қазір ол мен үшін маңызды емес. Өйткені араласпаймыз. Ажырадық.

Қазір оның аты-жөнін маған айту түкке тұрғысыз. Бірақ айтсам, ертең не болады? Бүкіл Интернет шулайды. Жақсы-жаман пікірлер айтылады. Мұны менің балам көтере ала ма? Осы ғана менің аяғымның тартуыма себеп. Атын айтпаймын. Оны балам 15-16 жасқа келгенде өзі шешеді.

Ал өзі маған балам туралы айтуға тыйым салған. Әрине, көңіліме қатты келді мұнысы. Қазір қарым-қатынаста емеспіз".