Ерекше фототүсірілім жасаған Салтанат Бақаева сынға қалды (фото)

22 желтоқсан 2021, 10:50

Төртінші сәбиін күтіп жүрген Салтанат Бақаева ерекше фототүсірілім жасаймын деп елден ұрыс естіп қалды. Әнші әрі актриса жаңа фотосуреттерімен Instagram-дағы парақшасында бөліскен, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Бақаева бірнеше образ ауыстырған. Әр суретке өнер иесі нәзік те ашық көйлектер киіп түскен. Актрисаның өзі еңбегінің нәтижесіне дән риза болғанымен, фанаттары оның бұл әрекетін құптамай отыр.

 

"Қазақтарға жат қылық қой бұл. Масқара, ата-енеңіз бар, қалай ұялмайсыз? Не өнеге? Не тәрбие?", "Масқара, жарасып тұр деп ойлайсың ба? Әрі жүктісің", "Осының не керегі бар екен", "Ұят екен", - деп сынады олар.

 

Әйтсе де, фотолардың әдемі шыққанын атап өткендер де жетерлік.

 

"Әлемдегі ең әдемі әйел - жүкті әйел", "Барлығы әдемі", "Әдемісіз. Алла тіл-көзден сақтасын. Аман-есен қол-аяғыңызды бауырыңызға алыңыз", - деп жылы лебізін білдірді оқырмандар.

 

Айта кетейік, Салтанат Бақаеваның үш ұлы бар. Әнші төртінші перзентінің де ұл болатынын айтқан еді.