Өркениет

Ержан Максим Junior Eurovision-2019 байқауында 2-орынды иеленді

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Көрермендердің дауыс беру нәтижесі мен қазылар алқасының шешімі жарияланды. Оған сәйкес «Арманыңнан қалма» әнімен 10-шы болып өнер көрсеткен Ержан Максимге 2-орын бұйырды.

Еске сала кетейік, Польшаның Гливице қаласында 19 елдің өнерлі өрені бақ сынаған балалар Евровидениесі болып өтті.

Биыл халықаралық сахнада тек қазақ елінің ғана емес, жалпы түркі әлемінің намысын Ержан Максим қорғады.

Оралдан шыққан оғлан бұған дейін Италия, Ресей, Латвия, Беларусь елдеріндегі түрлі өнер додаларынан олжалы оралған еді.

Ал Ресейдегі «Голос дети» жобасы жас таланттың қарым-қабілетін жарқырата көрсетті.

Айта кетейік, Қазақстан бұл сайысқа осымен екінші жыл қатысып отыр. Ол «Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату Одағына мүшелігінің нәтижесінде мүмкін болды.

Халықаралық ән додасында онлайн аудитория мен қазылар алқасының таңдауы дөп түскен үміткер жеңімпаз атанды.

Сайысқа қазылық еткен әр елдің кәсіби мамандары Ержан Максимнің өнерін жоғары бағалап, жеңімпаз атануға лайық деп тапқан.

Алайда екінші кезеңде, яғни көрермендердің берген даусы бойынша ұпай саны жеткіліксіз болды.

Сонымен, сайыс қорытындысы мынадай:

1. Viki Gabor (Польша)

2. Yerzhan Maxim (Қазақстан)

3. Melani Garcia (Испания)

24.kz/

 




Көрілген: 805    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.11.2019, 00:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31