Өркениет

«Ерке Есмахан қайтыс болды»: өнер иесі өзінің өлімі туралы ақпарат таратқандарға жауап берді

  • «Ерке Есмахан қайтыс болды»: өнер иесі өзінің өлімі туралы ақпарат таратқандарға жауап берді

    «Ерке Есмахан қайтыс болды»: өнер иесі өзінің өлімі туралы ақпарат таратқандарға жауап берді

Енді бәрін қойып осындай қарғысқа көштіңіздер ме? 

Ғаламторда әнші Ерке Есмаханның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарап кетті.

Әлдекімдер өнер иесіне қатысты қаралы хабарды жария етіп, қалың көпшілікті дүрліктірген. Алайда, эстрада жұлдызы бірден желіде байланысқа шығып, ақпараттың жалған екенін айтты. Ол бұл жайтқа шүйлігіп, өзінің өлімі жайлы хабарлама таратқандарға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Орын алған жағдайға байланысты ашуға булыққан Ерке Есмахан Instagram парақшасында азулы жазба жариялады. Өнер иесі онда өзінің өліміне қатысты жаңалықты жоққа шығарып, қаралы хабарды таратқандар жайлы өз ойын айтты.

"Бүгін менің анамды, бауырларымды, жақындарымды, достарымды, тыңдармандарымды қорқытып осындай жалған жаңалық таратқан адамдарды бір Аллаға тапсырдым! Маған соңғы кездері айтылып жатқан сөз көп, менің көңілімді түсіру үшін, жеке өміріме араласу үшін ойына келгендерін істеп жатқандарда көп! Енді бәрін қойып осындай қарғысқа көштіңіздер ме? Айтарға сөзім жоқ! Фанат болумен адам болуды шатастырыпсыздар! Мен бәрібір ешкімге жамандық тілеп өзімнің таза, пәк жүрегімді ластамаймын! Бәріңізге тек жақсылық тіледім! Аман болыңыздар" , - деп жазды Ерке Есмахан. Желі қолданушылары жағымсыз жағдайға тап болған эстрада жұлдызына барынша қолдау білдіріп, оның қайтыс болғанын жария еткендерді сөгіп тастады. 




Көрілген: 1645    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.05.2021, 16:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30