Өркениет

Ерке Есмахан "Маска" шоуы туралы айтты

  • Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Фото: instagram.com/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан өзінің "Маска" шоуына қазылық етуін сынға алғандарға жауап берді. Жұлдызды доданың жанкүйерлері оны бүркіт бетпердесімен өнер көрсеткен әртістің жобадан шығып кетуіне кінәлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Instagram парақшасында оқырмандарына барынша ашық болуға тырысатын Ерке Есмахан оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

 

Бұл жолы желідегілер қойған сауалдардың басым көпшілігі "Маска" шоуына қатысты болды. Жұлдызды жобаның жанкүйерлері одан бүркіт бетпердесімен өнер көрсеткен Amre лақап атты әншінің шығып кеткеніне шүйліккен.

 

Халықтың сүйіктісіне айналып үлгерген Бүркіт аталмыш доданың финалына өте алмады. Бұл жайт оның барша жанкүйерлерінің ашуына тиді.

 

Нәтижесінде көпшілік қазылар алқасының құрамындағы Еркеге өз наразылығын білдіруге көшкен.

 

Ерке Есмахан аталмыш әртістің "Маскадан" кетуіне қатысты өз пікірімен бөлісті.

 

"Бүркіт ұясынан ұшты. Енді әндері хит болып, халықтың көңілінен шығып, әр елдің сахналарына ұшып барып, ән салып жүрсін деп тілеймін. Сосын маған не болса, соны жазбаңдар. Жюриде отырған жалғыз мен емес. Содан соң, қағазға мен аққу деп жаздым ба, бүркіт деп жаздым ба сіздер білмейсіздер. Сол себепті қоя қойыңдар", - деді Ерке.

 

 Скриншот: Instagram/erke_esmahan 

 




Көрілген: 1738    Пікірлер: 0

жұма, 28.05.2021, 10:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31