Өркениет

Ерке Есмахан мен AZ-дің видеосы қызу талқыға түсті

  • Видеодан кадр: Instagram/erke_esmahan

    Видеодан кадр: Instagram/erke_esmahan

Қазіргі уақытта Түркияда демалып жатқан Ерке Есмахан желіде сүйіктісі Азамат Зенкаевпен түскен видеосын жариялады. Қос ғашық шетелде бірге саяхаттап, әсем жерлерді аралап жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Ерке Есмахан түрік еліндегі демалысы қалай өтіп жатқанын Instagram желісінде белсенді түрде бөлісуде.

 

Өнер иесі тарихқа толы мекеннен күнделікті фото және видео жариялап, жанкүйерлерін қуантып жатыр. Ал бұл жолы әнші қалың көпшілікті тіпті таңғалдырды. Ол өз парақшасында сүйіктісі Азамат Зенкаевпен түскен бейнежазбаны жүктеп қойған. Онда "91" тобының экс-мүшесі ғашығын суға лақтырған сәті көрініс тапты.

 

Ерке Есмахан видео соңы бұлай аяқталғанын мүлдем күтпеген болып шықты.

 

"Музыка бола ма, музыка»,-деп әдемілеп түсіргім келген ғой, онымен жас жастығын жасайды екен деп қойсам. Азамат аздап майысқан видеоларымнан шаршаған сияқты. Аңырап айқайлаған дауысымнан ұялсам да салып отырмын", - деп жазды эстрада жұлдызы.

 

Желі қолданушылары да қос ғашықтың видеосын бірден қызу талқылап тастады. Бірі оларға тәнті болса, енді бірі Зенкаевтың әрекетін сынға алған.

 

 

 




Көрілген: 861    Пікірлер: 0

жұма, 02.07.2021, 17:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30