Ерке Есмахан мен Қайрат Әділгерей сөзге келіп қалды

26 сәуір 2022, 16:54

Отандық шоу-бизнес жұлдыздары Ерке Есмахан мен Қайрат Әділгерей «Маска» шоуының түсірілімі кезінде сөзге келіп қалды, — деп хабарлайды Ernur.kz. 

Қос әртіс аталмыш бағдарламада қазылық етуде. Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодан даудың басы Ерке Есмаханның өз болжамын бөліскісі келмегенінен басталғанын көруге болады. Өнер иесі «үкі» кейпіндегі қатысушының кім екенін сезіп тұрғанымен, оның атын атамай қойды. Ол үкінің кім болуы мүмкін екенін келесі бағдарламада айтатын жеткізді. Алайда оның бұл жауабы әріптесі Қайрат Әділгерейдің ашуын тудырды.

«Оның алдында да келесі бағдарламада айтамын дедің. Бұлай болмайды ғой. Сен жалғыз өзің бір бағдарлама ашып алғансың ғой. Біз не үшін отырмыз сонда? Біз өз нұсқаларымызды айтып отырмыз, сен тыңдап отырсың. Сен біліп отырып айтпауың – қастандық. Неге отырсың онда? Қайда барсаң, онда кет. Бірақ айтып барып кет. Археологиялық қазба жасап жатқан жоқсың ғой. Сен айтсаң, мүмкін біз қосылып саған көмектесіп жіберетін шығармыз», — деп айтты Қайрат Әділгерей.

Ernur.kz.