Өркениет

Ерке Есмахан өзінің болашақ жолдасы туралы тың мәліметпен бөлісті

  • https://www.instagram.com/erke_esmahan/?utm_source=ig_embed

    https://www.instagram.com/erke_esmahan/?utm_source=ig_embed

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан алдағы уақытта тұрмысқа шығуға ниетті екенін ашық айтты. Өнер иесі ешкімге жария салмай, тыныш отбасын құруды қалаған. Алайда, таңдауы танымал адам болғандықтан ол мүмкін емес болып тұр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Ерке Есмахан Instagram желісінде жанкүйерлеріне барынша ашылып, олардың көкейінде жүрген түрлі қызықты сұрақтарға жауап берді.

 

Әнші қашан тұрмысқа шығуды жоспарлап отырғанын айтып, өзінің болашақ жолдасы туралы тың мәліметпен бөлісті.

 

Өнер иесі қалың жұртшылыққа жар салмай-ақ, тыныш отау құруды армандаған. Алайда, бұл қалауы орындалмайтын көрінеді.

 

Оның айтуынша, таңдағаны тегін емес жан болғандықтан жасырын үйлену мүмкін емес.

 

"Тұрмысқа шығуға дайындалып жүргеніме біраз болды. Тып-тыныш шыға ұоямын ба деп ойлағанмын. Бірақ, тыныш болмайын деп тұр-ау. Өйткені, таңдағаным тегін адам емес" , - деп жазды Ерке Есмахан.

 

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан Ninety One экс-мүшесімен кездесіп жүргенін растаған болатын. Өнер иесі жеке өміріне қатысты тарап жатқан қауесеттерге нүкте қойып, өз шындығымен бөлісті.

 

Әнші атышулы "Ninety One" тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаевпен қарым-қатынасы жайлы айтып берді. Қос ғашықтың Дубайдағы ортақ демалысы желіде қызу талқыланған еді. Ғаламторда тіпті олардың суреттері тарап кетті.

 

 




Көрілген: 3425    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 18:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31