Өркениет

Ерке Есмаханның тұрмысқа шыққаны рас па...

  • Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Фото: instagram.com/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан тағы да ел аузында. Бұл жолы эстрада жұлдызының жанкүйерлері оның жасырын түрде тұрмысқа шығып алғанын болжады. Көпшілік өнер иесінің қолында сақина пайда болғанын байқаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Ерке Есмахан соңғы кездері өз оқырмандарына барынша ашылып, өмірінің бақытты сәтін кешіп жатқанын ашық айтты. Өнер иесі жеке өмірін де жасырмай, сүйіктісіне ессіз ғашық екенін де мойындады.

 

Әншінің Instagram желісіндегі соңғы жазбаларының барлығы дерлік махаббат тақырыбына арналған.

 

Желі қолданушыларының айтуынша, Ерке Есмахан "Ninety One" тобының бұрынғы мүшесімен кездесе бастағалы өзгеріп кеткен. Эстрада жұлдызының киіну стилінде айтарлықтай өзгеріс байқалады. Бүгінде ол өзінің ғашығы секілді киіне бастаған.

 

"Стилі өзгеріп кеткен" , "Бұрынғы неше түрлі образдағы Ерке қайда кеткен?", "Еркенің стилі бүгінгі күні бір адамдікіне қатты ұқсап бара жатыр" , " A.Z cтилі", "Өзінен кішілермен кездесе бастағалы стилі де өзгеріске ұшырапты" , "Дуэт күтеміз" , - деп жазуда көпшілік.

 

Сонымен қатар, әншінің кейбір жанкүйерлері оның соңғы фотосынан саусағындағы сақинасын байқап қалған.

 

Бұл жайт бірден елдің қызу талқысына түсті. Желідегілер өнер иесінің жасырын түрде, ешкімге айтпай тұрмысқа шығып алғанын болжауда.

 

"Сақинаң құтты болсын. Демек, жасырын түрде тұрмысқы шығып алғансың ғой", Сақинаны енді байқадым" , "Сақинасын тағып тастаған ба? Қалай тез" , - деп таңғалуда көпшілік.

 

Алайда, Ерке Есмаханның өзі әзірге бұл ақпаратты не растаған да, не жоққа шығарған да жоқ.

 

 




Көрілген: 2499    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 18:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30