Өркениет

"Еркек болсаң, дәлелде!" деп ән салған әнші қыз көпшіліктің сынына ұшырады (видео)

  • © YouTube

    © YouTube

Есімін жасырып, Kween-Т лақап атымен шығып жүрген әнші ару "Еуразия бірінші" арнасындағы "Пендеміз ғой" бағдарламасына келді. Сұқбат кезінде бойжеткен өзінің киім кию үлгісі мен әндерінің сөзіне тиіскен қонақтарға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Бағдарлама барысында әнші арудың образы мен әніне түрлі сыни пікірлер айтылды.


Бойжеткен олардың басым бөлігінің негізсіз екенін айтып өтті. Сондай-ақ, ол аталған әннің қандай мақсатта және кімге арналып жазылғанын да жайып салды.


"Дәл осы "Еркек болсаң дәлелде" әнін өзім секілді өзіне сенімсіз қыздарға арнағым келді. Мәселен қыз жігітімен ұрсысып, ол оны ренжітті. Ал қасында бәрі жақсы болады деп жұбататын ешкім жоқ.

Егер әнімнің сөзін жақсылап тыңдаған болсаңыздар, барлығы қолдауды қажет ететін жандарға арналады. Жұбату үшін, түсіндіру үшін", - дейді Kween-Т.



Сонымен қатар, әнші қыз нағыз ер адамдардың қандай болу керектігін атап өтті.


"Біз қазақтың қыздарымыз ғой. Еркек өзін батыр ханзада секілді лайықты ұстауы керек. Қыздардың көңілін табу керек. Жігіт сөзіне жауап беру керек дегенді оларға ешкім айтпауы мүмкін ғой", - деді ару.

Бойжеткен өзінің образдарын ұят санап, киім үлгісін сынаған адамдарға да жауап беруді жөн көрді.


"Мен мінез-құлқымды киіміммен жеткіземін. Біреу одан ұятты, біреу стильді көреді. Әркім ұятсыздығының деңгейіне қарай көреді", - деп жауап берді ол.



 




Көрілген: 2502    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.07.2019, 18:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31