Өркениет

Ермек Тұрсынов меңзеген "бүлінген" әртістер кім?

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Кино саласында қолтаңбасы қалыптасқан танымал режиссер Ермек Тұрсынов көптен күткен "Шырақшы" туындысының тұсауын кесті. Жаңа киноның әлемдік тұсаукесері "Шанхай" халықаралық кинофестивалі аясында өткен болатын. Фильм желісі соғыстан аман келген сарбаздың оқиғасын көрсетеді.

Көркемфильмнің тұсаукесері барысында режиссер өз киносына қандай адамдарды таңдап алатынын меңзеп, өз картинасына "бүлінген" әртістерді жолатпайтынын айтып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы,"Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Сценарийге де, кинода ойнайтын әртістерге де қояр талабы таудай режиссер сапалы дүниелерді жасағанды жөн санайды. Сондықтан кастинг өткізгенде қоятын өзіндік талабы бар.

"Мен кастинг басталғанда ең басты нәрсе осы. Сен біздің киноларға қатыстың ба, арзан киноларға түстің бе? Былғанып қалдың ба? Онда маған өте алмайсың. Қазір шығып жатқан арзан кинолар, комедия дейміз. Ол комедия емес, бұл кино деп те ауыз толтырып айта алмайсыз, бұл мазақ. КВН-да ойнағандай бәрі кино түсіргіш болды, той-бизнесте жүргендердің бәрі кино түсіргіш болды. Сондықтан осы шығып жатқан кинолардың 90 пайызын мен кино деп айта алмаймын. Киногерсымақтардың туындыларын 5 минуттан артық көре алмаймын» - деп кино түсіріп әбігерленіп жүргендерге көңілі толмайтынын жеткізді.

 




Көрілген: 1516    Пікірлер: 0

жұма, 24.01.2020, 15:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30