Өркениет

Ернар Айдар лотерея қатысушыларына не себепті ақшасын қайтармайтынын айтты

  • Ернар Айдар лотерея қатысушыларына не себепті ақшасын қайтармайтынын айтты

    Ернар Айдар лотерея қатысушыларына не себепті ақшасын қайтармайтынын айтты

Ернар Айдар жалған ұтыс ойынын ойнатам деп басы дауға қалды. Сот ісі әлі аяқталған жоқ. Әнші өзінің де алданғанын айтып талай рет ақталды. Желіде тағыда жазба жариялап, тергеу жүріп жатқанын баяндады.

"Жалған ұтыс ойынына алданып қалған ағайын! Дәл сіздер секілді мен де алдандым. Мен сіздердің билет ақшаларыңызды алған жоқпын. Ол ақша Оспанов Азат, Темірбек Ернардың қалтасына кетті. Мен тек жарнама жасадым. Жарнама үшін алған ақшаңнан қайтар дегендер бар. Мен ол ақшамен бәрін шеше алмаймын. Бәрін тергеу шешеді. Алла бәрін көріп тұр. Мен мұның жалған ойын екенін білген жоқпын. Ешқандай арам ойым болған емес. Оған Алла куә", - деді әнші парақшасында.

 
Ернар Айдар жарнамадан түскен ақшаны қайтаруға сот міндеттесе, қайтаруға дайын екенін айтты. Тіпті міндеттемесе де, қайырымдылыққа жұмсауға дайын. 


"Лотерея деген &ndash харам! Мен барлық жігіттерге де айтқанмын": Айдар Тұрғамбек ұтыс ұйымдастырған әншілердің қылығын жақсылыққа баламады


"Жарнамадан түскен қаражат барлық шығынды өтей алмайды. Бірақ ол ақшаны қайырымдылыққа жұмсауға дайынмын. Отбасыммен жария етпей-ақ садақа жасап жүрміз. Тағы айтамын. Мен үшін алданып қалған ағайыннан өтініп, өкініп кешірім сұраймын. Мен ешқайда қашып кеткен жоқпын. Куәгер ретінде жауап беріп жүрмін. Әлі тергеу жүріп жатыр. Сондықтан себепсіз қарғыс айтпауларыңызды сұраймын. Мен де пендемін. Мен қателестім, сүріндім. Осылай өмір сүруді үйренермін. Тергеу нәтижесін күйтейік", - деді Ернар Айдар. 

Айта кетейік, Ернар Айдар көктем айында жалған ұтыс ұйымдастырды деп айыпталды. Ұтысқа қатысушылар әншіге ауыр сөздер айтып, алаяқтық жасады деп шулады. Әнші өзінің алданғанын айтып ақталды. 




Көрілген: 953    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 20:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30