Өркениет

Ернар Айдар ортаға іріткі салып, өзін жамандап жүргендерге шүйлікті

  • Фото: Instagram/ernaraidar_kz.

    Фото: Instagram/ernaraidar_kz.

Отандық танымал әнші Ернар Айдар өзінің халық алдындағы абыройын төгуді мақсат еткен адамдарды орнына қойды. Өнер иесі әлеуметтік желі арқылы оларға жауап беріп, келелі кеңесімен бөлісті. Ол басқаларды аңдып, ортаға іріткі салғанша аянбай еңбектенуге шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Ернар Айдар ақша ұтысына қатысты даулы оқиғадан кейін желідегі белсенділігін бәсеңдетті. Ол жаңа фотолармен бөліспей, парақшасын мүлдем жаңартпай кеткен. Алайда, уақыт өте басы дауға қалған әнші Instagram желіcі арқылы халық пен өзінің арасына іріткі салуды көздегендерге жауап берді. Өнер иесі олардың өзіне тағып жатқан кінәсі мүлдем орынсыз екенін жеткізді. Ернар Айдар халық махаббатын өзінен ешкім тартып ала алмайтынын кесіп айтты.

 

"Мен үшін. Мен сүйетін, мені сүйетін халқымның ықыласы мен, берген ақ батасынан асқан байлық та, атақ та жоқ. Ел мен Ернардың ортасына іріткі салып, жаман сөздер жазатын санаулы жандарға айтарым, мен сіздерді жек көрмеймін баршаңызға жақсылық тіледім. Біреудің астындағы тақ пен талассаң да, басындағы бақ пен таласа алмайсың, Алланың әр пендесіне бөліп берген несібесі бар, соған шүкір етіп, мақсатына жету үшін өзгені аңдымай, өз кемшілігің мен күресіп аянбай еңбектену керек деп ойлаймын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Алланың қалауынсыз ел мен Ернардың ортасындағы мықты да мөлдір махаббатты ешкім жоя алмайды. Қандай жағдай болса да, мені түсініп, маған сеніп, қолдау көрсетіп келе жатқан жанкүйерлеріме, халқыма мың алғыс, мен сіздер мен Ернар Айдармын. Бақытты да, қызықты сәттер, парақтап көріңіздер" - деп жазды ол.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CC23iemFqF8/




Көрілген: 1135    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.07.2020, 14:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30