Өркениет

Ернар ғана емес, лоторея жасағандардың бәрі жауап берсін - Меруерт Түсіпбаева

  • Фото: Instagram

    Фото: Instagram

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева лоторея туралы өз басынан өткен жағдаймен бөлісті.


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

 

"Менің сүйікті сіңлім мені ватсапта мені неге бұғаттап тастады? Оның көмекшісі мені инстаграм желісіндегі парақшасында да бұғаттап тастаған екен. Кейін маған ренжіп сұхбат берді. Ал журналистер бұл жаңалықты бірден тарата жөнелді. Маған сол кезде пікір білдіруді сұраған, ал мен жауап бермедім.

Ол кезде үндемеген себебім кінәлі болғанымнан емес, әр нәрсенің өз уақыты бар дегенмін. Осының барлығы сыртқа шығатынын білдім. Екеуіміздің ұрысымызға себеп - лоторея.

Мен инстаграмда ешқандай да жұлдыздарға тіркелмегенмін. Лоторея, тренингтердің ұнамайтыны туралы да жазғанмын, оған толықтай құқығым бар.

Бірде дайректіме бір қыз жазып, Мадинаның миллион ойнатқан лотореясының әділетсіз өткенін айтты. Шыны керек, мен қатты таң қалдым. Лохотронщиктердің қатарында оның болатынын білген жоқпын.

Мен әріптестерімді екі топқа бөлемін. Мадина бірінші топта болатын (мейірімді адамдар). Мадинаға ватсабына лоторея, лохотрон туралы айтып, "Оның саған не қажеті бар?", - деп сұрағанмын (сөйлескеніміз әлі сақтаулы). Жауап келмей, бірден мені бұғаттап тастады.

Карантин кезінде, әлемде кризис болып жатқанда, қасиетті Рамазан айында Мадина осы жазбамды оқиды деген ойдамын. Оның үстіне оның аты қасиетті қаланың атына тиесілі, Медина қаласына. Мені неге бұғаттап тастағанын, журналистерге сұхбат беріп, мені стерва қылып, өзін не себепті мейрімді адам қылып көрсеткенін ең болмаса өз-өзіне жауап беретін шығар деген ойдамын.

Мадина, сіңлім! Мен сенің биік болғаныңды қаладым. Біз ұзақ уақыттан бері танимыз бір-бірімізді. Лоторея туралы айтқанымда сені ренжіту ойымда болмады, алдын алсын деген ғана ойым болды. Кешір әрине (Жасаған жақсылығыңды ешқашан ұмытпаймын).

Сократ менің досым, бірақ ақиқат қайда қалады? Бұның жақсылықпен аяқталмайтынын білгенмін. Халықтың өз қасиеті ,құдыреті бар және әр нәрсенің жауабы болады. Ернар ғана емес, лоторея жасағандардың бәрі жауап берсін", - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

 




Көрілген: 1518    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2020, 11:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30