Өркениет

"Ешбір жігіт төсекке жатқыза алмайды": Раиса Мұхамедиярова Ғабит Мүсіреповке адалдығы туралы

  • "Ешбір жігіт төсекке жатқыза алмайды": Раиса Мұхамедиярова Ғабит Мүсіреповке адалдығы туралы

Марқұм актриса Раиса Мұхамедияроваға сүйсінбей қарау мүмкін емес еді. Жаратушы оған сұлулық пен талантты аямай берген. Осы орайда актер Асанәлі Әшімов әріптесі туралы пікір білдіріп, марқұмның жүрегін жаралаған қиындықтар туралы бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Хан қызындай сұлу актрисаға атақты жазушы Ғабит Мүсірепов ғашық болған. Осылайша 25 жастағы актриса мен алпысты алқымдаған жазушы отау құрды. Алайда екеуінің махаббаты баянсыз болып, 8 жылдан кейін ажырасты. Ол шаңырағының шайқалуына қаңқу сөздер себеп болғанын айтатын.


«Өзімнің тазалығымды білемін. Қанша жігіттер қасымда жүрсін, солармен ішіп жүрейін, бірақ төсекке ешкім мені жатқыза алмайды. Себебі, мына жерде Ғабең жүрді. Ғабеңнің алдында мен тазамын. Жұрт не десе де, өзі не ойласа да...» - дейді Раиса Мұхамедиярова.


Жазушы мен актриса екі қыз баланы тәрбиелеп өсірді. Рая Мұхамедиярова сәтсіз некеден кейін ешкіммен бас қоспады.


Өнердегі әріптесі Асанәлі Әшімов марқұмның мінезді болғанын айтады. Әрі сол мінезі көпке жаға бермейтін.


«Орыстар айтады ғой, «гордый» деп. Сондай көкірек, өзінің талантына қарай мінезі болды ғой енді. Онсыз болмайды. Ол мінез біреуге жақса, біреуге жақпады. Балалар мен жасөспірімдер театрынан кетті, кинода да оған лайықты үлкен рөлдер болмады. Сондай әртүрлі жағдаймен кібіртіктеп қалды. Соның бәрі адамның жүйкесіне, денсаулығына әсер етеді ғой”, - дейді ҚР халық әртісі Асанәлі Әшімов.


Қаралы хабарды естіп, өнердегі әріптестерінің де, көрермендерінің де қабырғасы қайысты. КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атанған Раиса Мұхамедиярова бүгін таңертең дүниеден озды. Әріптестері біраз жылдан бері оның денсаулығы сыр беріп, дертпен күресіп келгенін айтады. Бірақ сұм ажал дегенін істеді. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі қарашаның жетісінде өзі қызмет еткен театрда болады. 




Көрілген: 816    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.11.2019, 09:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30