Өркениет

"Ешкімді сөйлеткен жоқпын": Белгілі жазушы қызының тойын қалай тілексіз өткізгенін айтып берді

  • "Ешкімді сөйлеткен жоқпын": Белгілі жазушы қызының тойын қалай тілексіз өткізгенін айтып берді


Ақын-жазушылар бүгінде тойдың мазмұнын қалай өзгерту керектігін Sputnik Қазақстан-ға айтып берді. Жазушы-драматург Төлен Әбдік тойдың қазіргі форматын ауыстыру үшін уақыт керек деп санайды. Себебі бір стереотипті өзгерту оңай емес екен. Ал жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет тойын тілексіз өткізіп көрген. Қуанышты күн концерт сияқты өттіп, қонақтардың бәрі риза болып кеткен екен.


 

 

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте


Төлен Әбдіктің сөзінше, той біреу өзгертейік деп өзгерте салатын нәрсе емес. Оған уақыт керек дейді.


"Ұрпақ ауысуы керек шығар. Иә, адамды жалықтыратын тойлар болады, кейде дұрыс өтетін тойлар да бар. Ол өзі бір стереотип қой. Мысалы, қазір жұрттың бәріне сөз беру әлі басылмай жатыр ғой. Шынымен де, шаршап шығасың. Музыканы даңғырлатып қояды. Ал тойға барғаннан кейін адаммен араласып, сөйлескің келді. Оған мүмкіндік бермейді", - дейді Төлен Әбдік.

Осы орайда жазушы шетелдегі жиындарды мысалға келтірді. Ол жақта тойға барған адамдар танысымен сөйлеседі, пікір алмасады. Тілек айтқанда ешкім ұзақ сөйлемейді.


"Сосын халықты әдемі сөздер мен бөлек бір адамдардың төңірегінде емес, құндылықтардың төңірегінде біріктіру керек. Қазір бір асабаны таңдап алады. Ол айқайды салып сөйлейді. Оны тоқтата алмайсың, өңкей бір поэзия, ұйқасқан сөздер. Оның бәрі - "фальш". Ал адамға шынайы сөз, шын қуаныш керек", - дейді жазушы.

Ал жазушы Ұлықбек Есдәулет ешкімді сөйлетпей қызының тойын тілексіз өткізіп көрген.


"Мен қызымның тойын тілексіз өткіздім. Ешкімді сөйлеткен жоқпын. Тілекті тамаданың аузына салып бердік. Мына үстелде осындай адам отыр, сол қонақтардың құрметіне ән шырқалсын, келесі үстелде отырғандар үшін күй тартылсын деп, өнердің жарысы сияқты өткіздік. Артынан бір депутат досымыз келіп, сіздің тойыңыз керемет өтті, бірақ мен олай істей алмаймын, себебі алыстан келген туыстарым өкпелеп кетеді деді. Бізде ондай реніш болған жоқ", - дейді Ұлықбек Есдәулет.



 





Көрілген: 8969    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.11.2019, 23:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31