“Ешкімнің күйеуін тартып алған жоқпын”: Айжан Нұрмағамбетова 45 жылда алғаш рет орден таққанын айтты

24 мамыр 2022, 16:31

Әнші Айжан Нұрмағамбетова YouTube желісіндегі Елмедиа жобасында қонақта болып, сахнада өткізген 45 жылдың ішінде алғаш рет орден алғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

“Өнерде жүргеніме биыл 45 жыл толады. Осы аралықта талай әнші марапат, алғыс хат алып үлгеріп жатыр. Мен олармен бақ таластырмаймын. Жасым да келді. Бірақ өнерге кеше келгендердің бәрі медаль алып жатқанда, ойланады екенсің. Маған “Құрмет” орденін береміз дегеніне он жыл болған шығар. Алтынбек Қоразбаев ағамыздың бастамасы орындалды, әйтеуір. Былтыр желтоқсанда елордаға шақыртып, орденді тақты. Басқалар марапат алып жатқанда, бірінші анама батады. Тылда еңбек еткені үшін оған Мәскеуден награда келді. Маған да 2021 жылы берді бір атақты. Мен ешкімнің жолын кеспеген, ешкімге қарсы шықпаған адаммын. Үш рет жол апатынан аман қалдым. Ешкімнің байын тартып алғаным жоқ. Гастрольде өзіммен бірге үнемі жолдасым жүреді. 35 жыл отасқан күйеуім бар. Осы өміріме шүкір етемін. Репетуарымда той әндері жоқ. Осы күні бәрі тұсаукесу, қыз ұзатуға арналған ән жаздыры, шырқап жүр ғой. Мені тойға шақырса, бұрыннан келе жатқан әндерімді сүйетін адамдар шақырады. Оларға көп рахмет”, – деді Айжан Нұрмағамбетова.

KAZ.NUR.KZ