Eurasia Film Production «Нартай» фильмінің премьерасына шақырады

03 мамыр 2022, 12:49

2022 жылдың 5 мамырында достық, жастық және махаббат туралы «Нартай» фильмі Қазақстанның барлық кинотеатрында прокатқа шығады. «Моңғол», «Тюлпан» және «Айка» фильмдерінің продюсері Гүлнар Сәрсенованың жаңа туындысының идеясы үйіне қайтуды армандайтын Нартай есімді кейіпкердің бейнесінде көрініс тапты.

«Нартай» – бір-біріне көмек қолын созатын қарапайым адамдар туралы картина. Олар бізге көмектесу адамның бойынан табылатын ең ізгі табиғи қабілет екенін еске салады», - дейді фильмнің режиссері әрі продюсері Гүлнар Сәрсенова.

«Нартай» фильмінің ұраны «Туған жерден жырақта жат жерде» деген сөздер. Бұл фраза басқа емес, нақты тура мағынасында қолданылған. Фильмнің өз бойларындағы ескі проблемалардың шоғырын шешіп үлгермеген кейіпкерлері енді тілі мен мәдени ерекшеліктерін білмейтін жаңа елге аяқ басқан.Фильмде режиссерлер Вахтанги Хубутия мен Гүлнар Сәрсенова, сценарист Сергей Калужанов, оператор Азамат Дулатов, продюсерлер Анна Качко мен Максим Трапо жұмыс істеді. Басты рөлдерді жас актерлар Шарифбек Закиров, Григорий Чабан және Анна Старченко сомдады.

«Әрине, «Нартайдан» әр көрермен өз керегін алады. Бірақ мен үшін бұл, ең алдымен, әртүрлі ұлттар мен түрлі буын ұрпақтары арасындағы достық туралы әңгіме. Фильм кейіпкерлерінің қарапайымдылығы мен шынайылығы жасына, ұлтына, саяси көзқарасына қарамастан көрерменнің жүрегін жылытады деп ойлаймын», - деп толықтырды Гүлнар Сәрсенова.

Жақсы ойластырылған сюжет пен тірі кейіпкерлер бәріне бірдей, яғни, ерлер мен әйелдерге де, жастарға да, ересек аудиторияға да түсінікті болады. «Нартайды» әсіресе, жанға жақын фильмдер мен сан қырлы кейіпкерлерге құмарлар жақсы көреді.

Фильм әйгілі кеңес жазушысы және сценарисі Владимир Куниннің «Мариенплацтағы орыстар» романы негізінде түсірілген. Бұл автордың фильмдерге негіз болған алғашқы жұмысы емес, осыған дейін Куниннің шығармалары бойынша 20-дан астам фильм түсірілді, оның ішінде «Бомбалаушы шежіресі» (1967), «Интерқыз» (1989), «Тексіздер» ( 2005) және т.б.
Eurasia Film Production кинокомпаниясының «Нартай» фильмін 5 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалаңыздар.