Өркениет

Фариза Төреәлі өзін ерте тұрмысқа шығып жатқаны үшін сөккендерге жауап берді

  • Фариза Төреәлі өзін ерте тұрмысқа шығып жатқаны үшін сөккендерге жауап берді

    Фариза Төреәлі өзін ерте тұрмысқа шығып жатқаны үшін сөккендерге жауап берді

Төреғали Төреәлінің қарындасы өзін тым ерте тұрмысқа шыққалы жатқаны үшін сынап тастаған көпшілікке жауап берді. Биыл ғана мектепті бітірген аруға жігіті күні кеше ғана үйленуге ұсыныс жасап, "иә" деген жауабын алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желіде жазылған сансыз сыннан кейін Фариза Төреәлі өзінің отбасы құруына қатысты арнайы жазба қалдырды. Оны әншінің қарындасы Instagram парақшасында жариялады.


Бойжеткен бұл шешіміне жұлдызды отбасы толықтай қолдау білдіргенін айтты. Оған қоса, ару өзінің тұрмысқа шығуы жайлы атышулы ағасы не ойлайтынын жайып салды.


"Бұл өмірде Аллаxтың қалауынсыз ешнәрсе болмайды. Қанша адам болса, сонша түрлі, сан-қилы тағдыр. Сондықтан менің өмірімдегі жағдайлардың ертелі-кешін сіздер шеше алмайсыздар. Қартайғанша сенімен бірге болар жаныңдағы серігің, Жәннәтқа себепші болатын жарыңды қашан жолықтыратыныңды білмейсің. Бастысы жүректің қалауы.

Алла көп адамды кезіктіреді, бірақ таңдау сенде. Отбасым қолдап отырған жерде маған ешкімнің пікірі маңызды емес! Әрдайым өзім қалағандай таңдау жасаймын. "Осы міне, менің өмірлік жарым" деген іштегі сезіміңіз сізді алдамай тұрса болғаны. Алды-артым мен болашағымды ойламай жасаған қадам емес.


Нәзік жанды аруды қолында ұстар, адал жанды кезіктіріп, шын бақытты сезіну.. Қыз баласы үшін одан асқан қандай бақыт керек. Менің арман-мақсаттарым (оқуым,жұмысым) жайында алаңдамай-ақ қойыңыздар. Осы сәтте ағамның бұрын маған айтқаны есімде. "Өз адамыңды жолықтырсаң 18-19 жас қыз баласы үшін ерте емес. Жақсы жігіт түзу жүрген қызды қапыда қалдырмайды" деп астарлап айтқан еді" , - деп жазды Фариза.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғалидің қарындасына сүйіктісі ұсыныс жасағанын хабарлаған болатынбыз. 




Көрілген: 4949    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.07.2019, 23:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31