Өркениет

"Фильмнің сценарийін әйеліне жаздырды": Талғат Теменов Ақан Сатаевты сынға алды

  • "Фильмнің сценарийін әйеліне жаздырды": Талғат Теменов Ақан Сатаевты сынға алды

Теменовтің айтуынша, "Қазақфильм" басшылары алдымен, өз жағдайын, қала берді қасындағы жақындарының жағдайын ойлайтын жағдайға жеткен.

Белгілі режиссер, Қазақстанның халық артисі Талғат Теменов әріптесі Ақан Сатаевқа қатысты ойымен бөлісті. "Сатаев фильмнің сценарийін орысша оқыған әйеліне жаздырып, рухани қылмыс жасады" деп айыптаған Теменов Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Теменовтің айтуынша, "Қазақфильм" басшылары алдымен, өз жағдайын, қала берді қасындағы жақындарының жағдайын ойлайтын жағдайға жеткен.

"Ақан (Сатаев), Жүргеновті бітірген жігіт, әкесін де, шешесін де білемін. Бірақ мына соңғы әйеліне сценарийді жаздырыпты. Қаншама ғұламаларымыз отыр. Соның қасында орысша бітіріп, қазақтың бір ауыз өлеңін жатқа білмейтін, қазақтың бір жазушысының кітабын төл нұсқада оқымаған адамның мұндай дүниеге баруы және оған бірнеше миллион гонорар алуы жантүршігерлік жаңалық болды мен үшін. Бұл - дұрыс емес. Бұл ұлтты, елді ойламағаны. Қарахан басын ойлаған адам. Мұндай адамдар қазақтың басына күн туса, осында қалып, ел қорғайды, жер қорғайды деп ойламаймын", - деп пікір білдірді Теменов.

"Томирис" тарихи фильмінің сценарийін Теменов те жазыпты. Алайда Сатаев оны қабылдамақ түгілі, қараған да жоқ, деп ашынды режиссер. 

"Кино деген сезім, ол жүрекке тиюі керек. Асқар Тоқпановтың сөзі бар, "еріннен шыққан сөз ерінге, жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді" дейді. Жүрекке тимеген киноның құны көк тиын. Әрине, балалар, жасөспірімдерге патриотизм деп ұрандатып жатады. Басқа көретін кино болмағандықтан, соған апарамыз", - деп түсіндірді Теменов.

Сондай-ақ, Теменов фильмнің сюжетінде кеткен қателікті атады.

"Үлкен қателігі, Томирис Кирдің басын қанға малып, өзі шабады. Негізі қасындағы адамға жасату керек еді. Бұл - "Томиристі" жазған Болат Жандарбеков сияқты ғалымдардың алдында рухани қылмыс, қателік", - деді Теменов.




Көрілген: 446    Пікірлер: 0

жұма, 08.10.2021, 11:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30