Өркениет

Фонограмма шектеледі - заң президентке жіберілді

  • Фонограмма шектеледі - заң президентке жіберілді

    Фонограмма шектеледі - заң президентке жіберілді

Сенат депутаттары мәдениет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдап, президентке қол қоюға жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, заң жобасы бірнеше бағытты қамтиды. Соның ішінде кітапхана және баспа ісі, мәдени-көпшілік іс-шараларды реттеу және шығармашылық одақтарды қолдау мәселелері бар. Сондай-ақ осы құжатпен фонограмманы қолдануға шектеу енгізу қарастырылған. 

"Концерттік-ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде туындайтын бірқатар проблема бар. Орындаушылар тарапынан концерттер өткізу кезінде әдепсіз мінез-құлық көрсету, сахнада мас күйінде өнер көрсету үрдісі орын алған, жоспарланған концерттерді бұзу, әдепсіз сөздері бар репертуар таңдау, көрермендерді хабардар етпей, фонограмманы пайдалануға жол берілген бірқатар фактілер де бар", - дейді Райымқұлова сенаттың пленарлық отырысында.
Осыған байланысты заңнамалық деңгейде орындаушылардың әдепсіз мінез-құлқына жол бермеу бойынша бірқатар міндеттеме енгізіледі. Соның бірі - фонограмманы қолдану туралы алдын ала хабарлау.

"Фонограмманы пайдалану тәртібі заңға тәуелді актіде айқындалатын болады. Барлық жарнамалық өнімдер және кассалар жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарлама беріледі. Бұл көрерменге фонограмманы пайдаланумен өтетін концертке билет сатып алу немесе одан бас тарту таңдауына мүмкіндік береді және билеттің құнына да әсер етеді", - деп атап көрсетті Райымқұлова.

sputnik.kz




Көрілген: 350    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 19:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31