Өркениет

"Ғашықтар жыры", "Бозжорға" әндерінің сөзін жазған Шөмішбай Сариев қайтыс болды

  • "Ғашықтар жыры", "Бозжорға" әндерінің сөзін жазған Шөмішбай Сариев қайтыс болды

Ақын Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі . 

Ақын қазасы туралы мәлімет әзірше жоқ.

 Шөмішбай Сариев - 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген. Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық "Ленин туы" және Арал аудандық "Толқын" газеттерінде қызмет атқарған. 1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1970-1974 жылдары "Қазақстан" баспасында редактор, "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болған. 1996 жылы "Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері" атты тақырыпта ғылым кандидаты дәрежесін иеленді. "XX ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы" атты монография жазған.

"Ғашықтар жыры", "Бозжорға" атты авторлық бейнетаспасы жарық көрді. Г.Гулиа, О.Берггольц, И.Абашидзе, С.Викулов, А.Дементьев, Ф.Алиева, Р.Рождественский, М.Эминеску және тағы да басқа ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы "Балдәурен" деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты. 1994 жылы "Жазушы" баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы "Сүйінші" деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ боп басылған. Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (2003). "Тарлан" сыйлығының иегері (2004). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 2736    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 15:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30