Өркениет

Гауһар Әлімбекова елден жиналған 40 мың долларды қайда жұмсайтынын айтты

  • Гауһар Әлімбекова елден жиналған 40 мың долларды қайда жұмсайтынын айтты

    Гауһар Әлімбекова елден жиналған 40 мың долларды қайда жұмсайтынын айтты

Әнші халық жинап берген ақшаны қайырымдылыққа беретінін мәлімдеді. Алты жылға бас бостандығынан айырылған Гауһар Әлімбекова сот залынан ақталып шықты. Сот алқасы алаяқтық бабы бойынша істі болған әншінің апелляциялық шағымын қанағаттандырып, дәлелсіз айып тағуға болмайтынын айтты.




Тіпті, судья әншінің өзі де жәбірленуші екенін жеткізді. Алайда, 40 мың долларын даулаған арызданушы Бақыт Назарова мұндай үкіммен келіспейді, деп хабарлады КТК.

"Әлімбекова Гауһар Серікбайқызы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен тағылған айып бойынша кінәсіз деп танылсын. Іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталсын", - деді Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов.


Гауһарды қолдауға келген қауымның қуанышында шек жоқ. Күдігі сейілген әнші отырған орнында көз жасына ерік берді. Алаяқтық бабымен айыпталған әнші қаңтар айында 6 жылға сотталған еді. Жәбірленуші Бақыт Назарованың айтуынша, бірнеше жыл бұрын жақын құрбысы болған эстарада өкілі тұрғын үй кешенінен үй алып беремін деп, одан 40 мың доллар алыпты. Алты жылдан бері үй тұрмақ ақшасын қайтара алмаған ол сотқа жүгінеді. Алайда, Әлімбекова қылмыстық істің соңына дейін соқыр тиын алмағанын айтумен болды.


"Қысқасы әділдік жеңді. Бірінші Алланың арқасында, Аллаға деген сенімнің арқасында. Негізінде мен де жәбірленушімін. Осы уақытқа дейін айтпай келдім. Ол 1 үйден ұтылса, мен 3 үйден ұтылдым. Ол 1 жарым жыл бойы үйін жалға беріп отырды", - дейді әнші.


Сондай-ақ, атышулы істе басты айыпқа тартылып, 6 жыл 8 айға сотталған және рақымшылыққа байланысты жазасы екі есе мерзімге қысқарған Феруза Ордабаева да сот отырысында Гауһардың кінәсіздігін айтқан.




"Мен үшін сот әділетсіздігін тағы дәлелдеп отыр. Мен кассациялық сотқа, тіпті Жоғарғы сотқа дейін барамын. Керек болса әлемдік сотқа шағымданамын", - дейді ол.


Ал, сот залынан ақталып шыққан Әлімбекова жақын күндері сахнаға қайта оралып, қайырымдылық концерт бермекші.


Үкімнен кейін әншіге әріптестері жинаған 40 мың доллар жайы да назардан тыс қалмады. Себебі, бұған дейін адвокаттар жәбірленуші бұл қаржыдан бас тартып, 80 мың доллар талап еткенін айтқан еді. Енді көпшіліктен жиналған жылу қайырымдылық шараға жұмсалады екен. 




Көрілген: 1029    Пікірлер: 0

жұма, 12.04.2019, 10:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31