Өркениет

Гауһар Әлімбекова: Қыздар арасындағы достықтан аузым күйді

  • © youtube.com

    © youtube.com

Құрбысына үй алып бермек болып, алаяқтардың құрбанына айналған Гауһар Әлімбекова алты жылға сотталған еді. Қолхатпен бостандыққа шыққан әнші өзінің бар шындығын жайып салды деп жазады "Астана" арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Достықтан аузы күйген әнші нәзік жандылар арасындағы достыққа сенбей қалған.


"Қыздарда ешқашан достық болмайды. Оған қыздардың пейілі жетпейді. Алла Тағала солай жаратқан ба? Қыздар бір-бірінің қуанышын көре алмайды. Мен өз басыма ғана жауап беріп жатырмын. Мен ер адамдармен дос бола аламын. Алайда қыздармен дос болып аузым күйген бе, "қыздарда достық болады" дегенге сенбеймін", - деген Гауһар Әлімбекова.


Сондай-ақ әнші өзінің сотталмайтынына, кінәсіз екеніне сенімді болған.


"Ақшаға байланысты дүние болса, мен оған жоқпын. Ақшаны жек көремін. Онша ұнатпаймын. Қандай дәрежеге жетсем де, бірінші - Алланың, екінші - өзімнің шыдамымның арқасында жеттім деп ойлаймын", - деп әнші сөзін қорытындылады.

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың"алаяқтық" бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылғаны белгілі болды.


Осыдан кейін журналист Бибігүл Дәулетбекқызы көпшілікке әншінің құрбысына қарыз болған 40 мың АҚШ долларын жинап беруді ұсынды.


Отандық өнер иелері де журналистің сөзіне қолдау білдіріп, Гауһар Әлімбековаға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.


Әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын ашып айтып, Әлімбекованың да бұл істе құрбан екенін мәлім етсе, танымал заңгер Орынбасар Тілепбергенов әншінің қандай жағдайда бостандыққа шыға алатынын айтқан еді.


Сонымен қатар, Гауһар Әлімбекованы сотқа берген құрбысы Бақыт Назарова іске қатысты пікір білдіріп, құрбысының абақтыға жабылғанын қаламағанын айтқан болатын.


Ал Гауһардың ағасы Әділхан Әлімбеков қолдау көрсеткен барша жұртқа алғысын білдіріп, оқиғаның мән-жайын өзі баяндады.


Арада бірнеше күн өткенде әнші қолхатпен бостандыққа шығарылды.


 




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.02.2019, 19:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30