Өркениет

Гауһар Әлімбекова сотта кінәсін мойындамады

  • Гауһар Әлімбекова сотта кінәсін мойындамады

    Гауһар Әлімбекова сотта кінәсін мойындамады

Бүгін Алматыда әнші әрі сазгер Гауһар Әлімбекованың ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысының барысында әнші өзінің кінәсі жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сот залынан.


«Мен тағы қайталап айтамын, мен жәбірленуші Бақыт Назаровадан ешқашан ақша алған емеспін, көрген де жоқпын. Егер де менің кінәм болса, ол ақшаны алған болсам немесе Фирузаға беріп жатқанын көрген болсам, 2-3 концерт жасап, ол ақшаны қайтаратын едім. Сол үшін де үш жылдан бері шығармашылығым тоқырап, денсаулығыма нұқсан келді, моральдық тұрғыда шаршадым. Себебі, түбі бір әділдік болар деп, сол әділдікке сеніп жүрдім. Шынымды айтсам, басында түсініксіз, қызық жағдай болып көрінді. Алайда артынша күрделеніп кеткеннен кейін, заңгерлерден сұрастырдым. 3 жыл бойы әділдікке сеніп келдім. Сондықтан сіздерден әділ жағын шешіп берсеңіздер деп сұраймын және әділ шешім шығарады ден сенемін», - дейді әнші.


Өз сөзінде Әлімбекова жәбірленуші Бақыт Назаровадан 40 мың доллар көлемінде ақша алмағанын айтты. Сондай-ақ, өзімен қатар айыпталған Фируза Ордабаеваның үстінен арыз жазбағаны үшін опық жеп келе жатқанын жеткізді.


«Ақша алған жоқпын. Оны екеуі келісіп алып, маған солай жала жауып отыр маған. Ол менен 5 мың долларды бірден сұраған жоқ. ...Ордабаева кетіп бара жатқанда маған қоңырау шалып, жылады. «Гаухар, үстімнен арызды басқа жазса да, сен жазбай-ақ қойшы. Мен жақында шығамын. Білесің ғой, мен бәрі бір қалмаймын, шығамын. Шыққаннан кейін ақшаларыңды қайтарамын», - деді. Мен сол үшін арыз жазбадым және жазбағаным үшін кінәлі болып келе жатырмын», - дейді Әлімбекова.


Сот отырысында сот төрағасы Гауһар Әлімбековадан «яғни кінәм жоқ дейсіз» деп сұрады.


«Кінәм жоқ. Мүлде кінәм жоқ», - деп қысқа қайырды Гауһар Әлімбекова.


Айта кетсек, бүгінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Әлімбекованың кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.


Ал әншінің адвокаты Әлімбекованың да алаяқ Ордабаеваға алданып қалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол жәбірленуші Бақыт Назаровамен кездесіп, оған әншілер жинап берген 8 миллион теңгені ұсынғанын жоққа шығармай айтты. 




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.03.2019, 09:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31