«Грэммидің» бес жаңа номинациясы жарияланды

10 маусым 2022, 14:47

Америкалық дыбыс жазу академиясы 2023 жылы берілетін «Грэммидің» бес жаңа номинациясын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2023 жылы өтетін 65-ші марапатта Ұлттық дыбыс жазу академиясы «Ең үздік саундтрег», «Үздік ән авторы», «spoken word жанрындағы ең жақсы альбом», «Үздік альтернативті орындау» және «Америкалық үздік спектакль» номинацияларын береді. Сондай-ақ 2023 жылы «Әлеуметтік өзгерістерге арналған үздік ән» үшін арнайы сыйлық енгізілген.

Айта кетсек, «Grammy-2022» рәсімі сәуірдің 3-і күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен еді.

Egemen.kz.