Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Гүлен және әлем

25 қаңтар 2011, 16:26

Кеше Астанадағы «Риксос» қонақ­үйінде түрік жазушысы, фило­соф Фетхуллаһ Гүленнің шығарма­шылығына арналған «Фетхуллаһ Гүлен және бүгінгі әлем» атты кеш өтіп, оның әдеби философиялық «Баян» атты кітабы таныстырылды.
«Батыста Фетхуллаһ Гүленнің еңбектері кеңінен таралып, насихатталып жатыр. Енді оның Қазақстандағы жолына да бастау салынды. Әрине, оның айтқандары біз үшін жаңалық емес, оны Абай да, Шәкәрім де айтқан. Алайда оны біз адамдардың жүрегіне дұрыс жеткізе ал­мадық. Гүлен соны қайта жаңғыртып, өшіп, көмескіленіп бара жатқан дүниені қайта тірілтіп отыр, – дейді Сенат депутаты, академик, философия ғылымының док­торы Ғарифолла Есім.
Алпыстан астам кітап жазып, әлемге өзіндік интеллектуалдық көзқарасымен танымал болған Фетхуллаһ Гүлен ірі ға­лым, ойшыл әрі белгілі қоғам қай­раткері ғана емес. Ол – діни төзімділік пен өз­ара түсіністіктің жаңа бастамаларын жұрт­шылыққа жеткізуді мақсат еткен тұлға.
Ф.Гүлен «надандықтан шығудың жолы – білім» деп атап көрсетіп, түркі елінің бизнесімен өзінің ойын ұштастыра отырып, кәсіпкерлерді тапқан табыстарын білімге салуға үндеді. Әлемнің 70 елінде оның бастамасымен мектептер мен жоғары оқу орындары ашылған көрінеді. Қазақстанда алғаш рет Ф.Гүлен қазақ-түрік лицейлерінің негізін қалады.
Қазақстан Жазушылар одағы мен «Еуразия Платформасы Халықаралық Диа­логының» ұйымдастыруымен өткен кеш барысында Ф.Гүленнің қазақ тілі­не аударылған «Баян» атты әдеби-фи­лософиялық шығармасымен қатар, АҚШ-тың белгілі философы, профессор Джил Кэрролдың «Өркениеттер диалогы», сон­дай-ақ Ұлттық ғылым академиясының академигі Әбдімәлік Нысанбаевтың же­тек­шілігімен жарық көрген «Фетхуллаһ Гүлен және қазіргі заман» кітаптарының тұсауы кесілді.