Өркениет

Гүлназ Жоланова: Қаласа, кез келген қыз ертең-ақ тұрмысқа шығады

  • Гүлназ Жоланова: Қаласа, кез келген қыз ертең-ақ тұрмысқа шығады

    Гүлназ Жоланова: Қаласа, кез келген қыз ертең-ақ тұрмысқа шығады

Гүлназ Жолановаға тұрмысқа шығу туралы сұрақ жиі қойылады. Алайда актриса өмірін бір адаммен байланыстыруға асықпайды. Айтуынша, отбасын құруды мақсат еткен қызға тұрмыс құру оңай. Тек одан кейінгі өмірді де ойлау керек, дегенді алға тартты ол.

Бұл туралы ол Нұрмахан Маханұлының AdminAnon бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

 
"Үйдегілер тыныш. Көрермен тарапынан жиі қойылатын сұрақ. Тауға бара жатсам да, теннис ойнап жатсам да, үйде мысығымды түсірсем де, шетелге барсам да "Тұрмысқа қашан шығасың?" деп сұрайды. Мен бұған әзілмен қарауға тырысамын. 

Қашан шығамын деп өмірден түңіліп, күтіп отырмаймын. Шығамын десе, кез келген қыз ертең-ақ тұрмысқа шығып кетеді. Бірақ ар жағындағы өміріңнің сапасын ойлап, әрі қарай да бақытты болу керек. Сондықтан мені асықтырмаңыздар", - дейді Жоланова.

Актриса өмірде ешкіммен жанжалдасып көрмегенін айтады. Сондықтан болашақ күйеуімнің отбасында да олай болуы екіталай, дегенді алға тартады. "Кез келген конфликтінің шешімі – диалог" деп санайтын Гүлназ болашақ қайын жұрты өнеріне түсіністікпен қарайды деген сенімде. 

“Кез келген жаста ешкімнің шекарасын бұзбауға тырысамын. Өзім де соны талап етемін. Кез келген отбасының заңдары болады. Аспаннан салбырап түскендей: "Сәлеметсіз бе, мен бәрін өзгертемін", деген де дұрыс емес. Басқа республикаға бара жатсың, сондықтан бәрібір икемделесің. Барар алдында отбасындағы заңдармен танысып алуға болады. Қасыңда жігітің бар. "Не істейсіңдер? Қаншада тұрасыңдар? Шай құю керек па?" деген сияқты алдын ала сұрап ал", - деп күлді Жоланова.

Сондай-ақ, актриса отбасындағы ұрыс-жанжалды елге жариялайтындарды түсінбейтінін айтты. 

"Кез келген конфликт диалогпен шешіледі. Өзім ешкіммен ұрысып көрмегенмін. Бірақ үйдегі ұрысты әлеметтік желіде айту орынсыз. "Грязное белье" сол жерде қалуы керек", - деп түсіндірді ол. 




Көрілген: 949    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.07.2021, 11:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30