Өркениет

Гүлназ Жоланованың жас жігітпен көңіл қосқаны рас па (фото, видео)

  • Фото: Instagram/dake_zzz

    Фото: Instagram/dake_zzz

Отандық танымал актриса Гүлназ Жоланованың жеке өмірі бүгінде ел аузында. Көпшілік оны інісімен жасты жігітпен көңіл қосты деп болжауда. Жас блогер белгілі киножұлдыздың жүрегін жаулау үшін барын салуда. Ол тіпті, шоу-бизнес сылқымының артынан Түркияға дейін барған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Гүлназ Жоланова мен Дәулет Есенбайұлы есімді отандық блогердің қарым-қатынастарының өрбуіне барша желі қолданушылары куә болып отыр.

 

Instagram парақшасын белсенді түрде жүргізетін жігіт қалауындағы ару үшін қандай ерлікке барғанын оқырмандарымен бөлісіп отырады. Ол Гүлназ екеуінің басынан Түркияда қандай қызықтар өткенін айтып, ерекше сәттердің видеоларын ел назарына ұсынған.

 

Жас жігіт бастапқыда Жолановадан ұялып жүргенін көрсетсе, кейін оны сенімді түрде болашақ жеті баласының анасы деп атап кетті.

 

Алайда, жастар түрік елінде ұзақ бірге бола алмаған. Актриса "Қазақша бизнес Түркияда" фильміндегі түсірілімі аяқталған бойда елге оралса, жас блогер Стамбұлда қалып қойды.

 

Алайда, ғашығының көңілін табу үшін ол ерекше тосын сый жасаған. Дәулет Есенбайұлы жақын достарына Гүлназды әуежайдан күтіп алып, оған өз атынан үлкен раушан гүлдер шоғын тарту етуін тапсырған. Олар өзіне жүктелген міндетті атқарып, киножұлдызды үйіне дейін жеткізіп тастады.

 

Жігіттер Түркияда қалған досына тіпті видеожазба жолдап, онда ғашығы үшін еш алаңдамауын айтқан.

 

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CE4t5nnBXSc/


ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CE6Ojk4BJYz/


ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CE63aRqB4aE/


ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CE9opXUBCrp/


ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CFEYQGohxwo/

 




Көрілген: 1594    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 15:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30