Өркениет

Гүлзира Айдарбекова: Алматыдағы үйімді балгерге оқытып, 55 мың долларға сатып жібергенмін

  • Гүлзира Айдарбекова: Алматыдағы үйімді балгерге оқытып, 55 мың долларға сатып жібергенмін

    Гүлзира Айдарбекова: Алматыдағы үйімді балгерге оқытып, 55 мың долларға сатып жібергенмін

 Қайрат Нұртастың анасы, танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ерекше сұхбат берді. Сұхбат барысында бұрын айтылмаған дүниелерді айтты. Тіпті, бір кездері құдайға серік қосып, балгерге барған сенгенін мойындады.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.


Айдарбекова қазір болмаса да, бұрын балгерлерге сенгенін айтты. Оған өмірінде болған бір жайтты мысалға айта кетті.


"Нұрекең елордада бизнес жасап жүргенінде біз Алматыда тұратынбыз. Бір шаңырақ астында тұрайық деп Алматыдағы үйді сатуды ойладық. Бірақ үй көп уақыт өтпей тұрды. Содан құрбымнан балгердің барын естідім. Ол үйді оқыса, тез сатылып кетеді деді. Талғар жаққа сол кісіні іздеп бардық. Балгер басқа ұлттың адамы екен. Маған қағазға орысша сөз жазып берді. Алла, маған осы үйді өтуге көмектесші деген мағынада. Мен Алладан ғана сұраймын деді. Осыны үш күн, не үш апта, не үш ай 100 рет оқу керек деді. Түйе сұрасаң, бие береді, көп ақшаға өтуін сұра деді. Мен солай оқып жүріп шынында үй бір аптаның ішінде өтіп кетті", - деді продюсер.


Айтуынша, үйді арзанға сатқанына өкінген. Себебі 55 мың долларға сатқан үйі үш жылдан соң 550 мың долларға бағаланып, сүруге жіберіліпті.


"Ол үй сондай берекелі еді. Неге сатпай-ақ астанада пәтер жалдап тұрмадық деп қазір өкінемін", - деді Айдарбекова.


Продюсердің айтуынша, бұл кездері жолдасы елордада бизнеспен айналысқан. Ақ орданың ағашын тасыған.


"Нұрекеңнің сол табысының көмегімен Қайрат та, мен де өнер жолында еңбек еттік", - деді продюсер.


Stan.kz




Көрілген: 906    Пікірлер: 0

сенбі, 05.10.2019, 16:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30