Өркениет

Халал емес – адал, никах емес – неке. Тілімізді “былғауға” сендерге ешкім құқық берген жоқ – Жанар Байсемізова

  • Халал емес – адал, никах емес – неке. Тілімізді “былғауға” сендерге ешкім құқық берген жоқ – Жанар Байсемізова

    Халал емес – адал, никах емес – неке. Тілімізді “былғауға” сендерге ешкім құқық берген жоқ – Жанар Байсемізова

Журналист, тележүргізуші Жанар Байсемізова тілімізді араб тілімен шұбарламай таза қазақ тілінде сөйлеуді ұсынды. Бұл ретте араб тілінде қолданылып жүрген сөздердің қазақша дұрыс нұсқасын жазып көрсетті, деп жазады stan.kz.
“Менің курстасым бар, журфакта бірге оқыдық. Ол журфак пен қоса юрфакта оқыды. Білмейтіні жоқ. Очки тағатын. Оны атымен атамайтынбыз. Ол професссор болатын. Қазір мықты заңгер. Назарларыңызға сол профессор Ерболат Қошқарбаевтың жазбасын ұсынамын. Келісесіз бе, келіспейсіз бе, пікір қалдыра кетіңіз. Оқырмандарымның көзқарасын білгім келеді осы мәселеге қатысты.

Халал емес Адал!
Харам емес Арам!
Жұмъа емес Жұма!
Никах емес Неке!
Минбар емес Мінбер!
Баракаллаһ емес Бәрекелді!
Аллаһ емес АЛЛА!
Альхамдуллилаһ емес – Құдайға шүкір немесе Әлхамдулла!
Иншаллаһ емес – Құдай қаласа, Құдай бұйыртса, Алла нәсіп етсе.
Ал Аллаһ – тек Оллахи, Иллахи нұсқасында айтылғанда ғана ҚАЗАҚША шығады. Оллахи шыным осы. Осылай, сихр емес сиқыр, нафс емес нәпсі деп тізбелей беруіме болады.

Мұсылман бауырлар орысшадан енді құтылып келе жатқанымызда, арабшаларыңды тықпаламай қоя тұрыңдаршы. Құран, намаз оқығанда сөз жоқ арабша оқиық, сөздерді құранда жазылғандай қолданайық! Хұтба, такбир, тахрима, һидаят, рүкін, хузур, иффа, хилм, зуһд, куфр, Ъайн дейсіңдер ме, әлде кифая, фарыз, бұлуғ, ақида, мұстахап,мубах, муфсид дейсіңдер ме қалай һыһылдасаңдар да еріктерің. Бірақ араби емес адами қарым қатынаста, өмірде ол сөздерді қазақы мақаммен, қазақы әуезбен қолданыңыздар.

Тілімізді “былғауға” сендерге ешкім құқық берген жоқ. Қазақы тамырдан арылып қалмаңдар. Құдай Жар болсын бәріңе!”, – деп жазды Жанар Байсемізова.

Желі қолданушылары жаппай қазақша нұсқасын жөн деп тапты.

“Өте дұрыс мен қосыламын”, “Қолдаймын!!! Дұрыс айтады”, “Ия, расымен де солай ғой, Жәке, толықтай қосыламын”, “Дұрыс айтады, мен қазақшасын айтамын”, “Керемет! Қос қолдап келісіп жүрмін!”, “Өте орынды! Осылай сөйлейтіндер өздерін бір кереметпіз деп сезінетін сияқты”.

“Құран арабша түссе де, мағынасын тек қазақ тілінде қабылдаймын. Осы маған жаныма жақын, арабшасы түрпідей тиіп жатады. Қазір коуч-психолог қыздарымыз арабша сөздермен сананы улап жатыр, соларға ескерту жасап қойыңыз”, “Тағы сухур дейді қазір – ол сәресі, ифтар деп ауыз ашар. Жеке өзіме ұнамайды олай айтқан”, деп жазды желідегілер.

“Мысалы мен кішкентайымнан Астапыралла деп естідім, сөйтсек ол Астағфируллаһ екен”,  деді тележүргізуші.

stan.kz.




Көрілген: 1205    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2021, 00:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30