Өркениет

Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановқа тағы бір атақ берілді

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Алматы күніне орай "Қаланың құрметті азаматы" атағы мен "Еңбегі үшін" төсбелгісін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

 

"Қаланың құрметті азаматы" атағы берілгендердің ішінде Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов бар.

 

 

Сондай-ақ бұл марапатқа қоғам және мемлекет қайраткері Темірхан Досмұхамбетов, белгілі музыкатанушы, ҚР композиторлар одағы және Қазақстан музыка қайраткерлері одағының мүшесі Юрий Аравин; Қазақ КСР еңбек сіңірген сәулетшісі, Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі Тоқтар Ералиев; "Шырақ" мүгедек әйелдер қауымдастығының төрағасы Ләззат Қалтаева лайық деп танылды.

 

Салтанатты шарада Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мерекеде қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан тұрғындардың сіңірген еңбегі назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, ғылым мен білім, медицина мен мәдениет, кино мен әдебиет саласы қызметкерлері елге қызмет етіп, мегаполистің дамуына белсенді қатысып жүр. 

 

Алматы әкімі қала тұрғындары атынан марапат иелеріне алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

 

"Сіздер бәрімізге үлгісіздер әрі жоғары марапат пен құрметке лайықсыздар. Қала тұрғындары мен өз атымнан жанқиярлық еңбек үшін ризашылығымды білдіремін", - деді Сағынтаев.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 883    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.09.2021, 16:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31