Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Халыққа көрсетуге қорқамын": Мөлдір Әуелбекова сүйіктісін жолықтырды

27 қазан 2019, 10:32

Мөлдір Әуелбекова әуелгі жары Арыстанды кезінде жұртқа таныстырып, тіпті бейнебаянға да бірге түскен еді. Бұдан былай бикештің ұстанымы өзгерген. Бірінші некесінен аузы күйген Мөлдір, болашақ отағасын халыққа көрсетуді қаламайды, деп хабарлайды Stan.kz. ақпарат агенттігі Shownews.kz бағдарламасына сілтеме жасап.

«Оны халыққа көрсетуден қорқамын. Себебі, ара-қатынасымызға кері әсері тиіп кетуі әбден мүмкін. Жақында жеке өмірімде жаңалықтар болады. Күтіңіздер. Сүйіктім бар. Ол жанға ешқандай талап қоймаймын. Әзірше құпия болып қала берсін. Уақыты келгенде білесіздер. Келесі клиптің сюжетінде баянды махаббатты суреттейміз. Тың туындымды сүйіктіме арнағаныммен, басқа жігітті актер етіп таңдадым», – дейді Әуелбекова.

Бұл жолы жеке өмірін құпия ұстағысы келген әншінің бірінші некесінен ұлы бар. Жалғыз басты ананың айтуынша, баласы әке мейірімін көрмесе де тағылымға толы тәрбие алып жатыр.

Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы күйеуі ұлын іздей бастады >>>
«Балам биыл 3 жасқа толады. Жағдайы жақсы. Өте көпшіл болып өсіп келе жатыр. Тұңғышымның көңілін тауып, қолымнан келгенін аянбаймын. Әкесімен араласып тұрады. Бірақ, өзімде әке орнын толтыруға тырысып жүрмін. Ұлым өте тәрбиелі, мінезі ашық, ешкімді жатырқамайды», – дейді әнші.

Сәтсіз аяқталған некеден кейін әнші өнерді емес, отбасы құндылығын басты назарға алған. Әуелбекованың ендігі мақсаты – әйел бақытын сезіну!

«Менің алдағы жоспарым тұрмысқа шығу, бала туып ұлыма бауыр сыйлау. Содан кейін шығармашылығымды дамыту», – дейді Мөлдір Әуелбекова.

Stan.kz.