Өркениет

Халықтың жағдайы туралы сөз қозғаған Тоқтар Серіков жылап жіберді (видео)

  • Халықтың жағдайы туралы сөз қозғаған Тоқтар Серіков жылап жіберді (видео)

    Халықтың жағдайы туралы сөз қозғаған Тоқтар Серіков жылап жіберді (видео)

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тоқтар Серіков халықтың қазіргі жағдайы жайлы жан сырын ақтарып, жылап жіберді. Әнші бүгінгі қоғамда неге көңілі толмайтынын және қандай жайттар жүрегін ауыртатынын ашық айтты. Өнер иесі бар ойын ортаға салып, әсерлі сұхбат берді деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.

Тоқтар Серіков қазіргі қоғамның енжар әрі қорқақ болып бара жатқанын айтып, өзі күйінетін бірқатар мәселелерді атап өтті.

Өнер иесі халықтың жағдайы туралы сөз қозғап, көз жасына ерік берді.

"Көріп тұрған нәрсеге жете алмайтындығымыз, басқа ұлттың өкілі келіп бізге үкім айтып тұрғанда, басымызды сүмірейтіп қарап тұратынымыз, өзіміздің тілімізде сөйлей алмайтындығымыз, қарындастарымыздың кім көрінгенге жем болып, ит болып тапталып жатқанын көргенде үндей алмайтындығымыз менің жүрегімді ауыртады.

Бізді соншама не байлап ұстап тұр? Соншама сорлы болатын ел емес едік қой. Сонша бізді құртып тұрған не нәрсе? Осы нәрсеге миым жетпей қойды.
Бір ақылсымақ, данагөйлер бар. Шығып алып, халыққа өзінше болып ақыл айтып, кеңес айтып, сабырға шақырған түрлері ғой. Бір азаматтар бар, аттарын атамай-ақ қояйын. Шеттерінен ақылшы бәрі.

Соның жүрегі сезбей ме? Сезіп тұр ғой. Көзі көрмей ме? Көріп тұр ғой біздің елде не болып жатқанын. Осы нәрсені көріп тұрып, өтірік батыр болатындарына жүрегім ауырады" , - деді Серіков.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқтар Серіков не себепті әлі күнге дейін бірде-бір саяси партия құрамына кірмегенін айтқан болатын. Өнер иесі "ұйықтап отыратын депутаттармен" бірге жұмыс істегісі келмейтінін жеткізді.

 




Көрілген: 4687    Пікірлер: 0

жұма, 28.02.2020, 23:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Маусым, 00:38
    Неге сонша бүліндік?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31