Өркениет

Иманбек өзіне Грэмми алып келген әнінен кейін қанша табыс тапқанын айтты

  • Иманбек өзіне Грэмми алып келген әнінен кейін қанша табыс тапқанын айтты

    Иманбек өзіне Грэмми алып келген әнінен кейін қанша табыс тапқанын айтты

Әйгілі "Грэмми" жүлдесіне ие болған алғашқы қазақстандық Иманбек Зейкенов өзінің табысы туралы тың мәліметтермен бөлісті. Жас диджей желіні жарған хитынан кейін қанша ақша тапқанын айтып берді деп жазады zakon.kz.

"Қазір менің концертім 10 мың еуро тұрады. Концерттен қанша қаржы тауып келгенімді нақты айта алмаймын. Алайда, бүгінге дейін 10 млн рубльден (55 млн теңге) көп табысқа кенелдім" , - деп ағынан жарылды Иманбек "По студиям" бағдарламасына берген сұхбаты барысында. Күллі әлемге танылған "Roses" ремиксінің авторы "Грэммиді" жеңіп алғаннан кейін айналасында бұрын-соңды араласпаған түрлі туысқандары, жаңа достар мен бауырлар пайда бола бастағанын айтты. "Бұдан қашып құтылмайсың. Алайда, бұл мен үшін жағымсыз жайт. Бұған дейін араласып көрмеген аса танымал емес жігіттер кенеттен менің "жақыным" болып шыға келді. "Мені тарт, біз балабақшада бірге болдық, біз жерлеспіз ғой" деді. Егерді шынайы өмірде олар маған келіп қалса, қалай мән бермейсің. Әрине, олармен сөйлесемін. Маған жазғандарға жауап беруге тырысамын. Бірақ, мен ондай адамдармен арақашықтықты сақтап жүремін" , - деді ол.  Еске сала кетейік, отандасымыз Иманбек Зейкенов 15 наурыз күні "Грэмми" жүлдесін жеңіп алған алғашқы қазақстандық атанды. Музыканттың Roses SAINt JHN ремиксі беделді марапатқа лайық деп табылды. 




Көрілген: 1393    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 14:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31