Өркениет

Иманбек Ресейдегі музыка фестивалінде өнер көрсетті

  • Иманбек Ресейдегі музыка фестивалінде өнер көрсетті

    Иманбек Ресейдегі музыка фестивалінде өнер көрсетті

Бұл қазақстандық музыканттың алғаш рет ауқымды шоуға қатысуы. 

Қазақстандық DJ Иманбек Зейкенов Ресейдегі "Столица закатов" музыка фестивалінде өнер көрсетті. Бұл туралы музыкант Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Диджейдің айтуынша, ол қатысқан шара 31 шілдеде Нижний Новгородта өткен. Иманбек Нижневолжская жағалауында қаланың 800 жылдығына орай өткен "Столица закатов" музыка және от-шашу фестивалінде өнер көрсетті.

Иманбек Instagram-парақшасында ақ маска тағып, көпшілік алдына шыққан суретін жариялады, ал сурет сипаттамасына Thanks NIZHNIY! деп жазба қалдырды.

Ұйымдастырушылар ақпараты бойынша, танымал қазақстандық диджей заманауи электрон жанрындағы музыкаға арналған фестивалдің алтыншы күнінің хедлайнері болған. Айта кетейік, бұл қазақстандық музыканттың алғаш рет ауқымды шоуға қатысуы.

20 жастағы Иманбек Зейкенов "Грэмми" жүлдесін жеңіп алған алғашқы қазақстандық атанды. Ол Сент-Джонның "Roses" композициясына жасаған ремикс үшін жүлде алды. Оған дейін Иманбек Ақсу қаласында теміржолшы болып жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде ол Рита Ора, Usher, David Guetta, 50 Cent, Sean Paul және Sofia Reyes сияқты әлемге әйгілі әртістермен ремикс пен трек жазып үлгерді. 




Көрілген: 691    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.08.2021, 01:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30