ТМД-дағы алғашқы "Грэмми" иегері қазақстандық DJ Imanbek-тің (Иманбек Зейкенов) есімін алаяқтар криптовалюта "сату" үшін пайдалана бастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Иманбек Instagram-да хабарлады. Ол Stories-те атынан криптовалюта сатып жүрген жалған парақшалардың скриншотын жүктеді.
"Алданып қалмаңыздар. Бұл жалған", - деп жазды Иманбек.
Еске салайық, жақында қазақстандық диджей Billboard Awards жүлдесінің иегері атанды. Иманбек Зейкенов Saint JHN-ның Roses әніне жасаған ремиксі үшін "үздік электрон ән" номинациясында марапатқа ие болды.
Бұған дейін ол осы композиция үшін Grammy алған еді.