Өркениет

Индира Расылхан екінші күйеуімен арасы дұрыс болмай жүргенін жеткізді

  • https://www.instagram.com/p/B11by84JlmC/

    https://www.instagram.com/p/B11by84JlmC/

Отандық танымал әнші Индира Расылхан екінші күйеуімен бірге тұрмай кеткеніне бір жылдан астам уақыт өткенін айтты. Өнер иесінің айтуынша, жолдасы екеуінің арасында ортақ әңгіме болмаған деп жазады "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.



Эстрада жұлдызы алғаш рет жеке өміріне қатысты тың ақпаратпен бөлісіп, ағынан жарылды. Оның сөзінше, күйеуі екеуі түбегейлі ажыраспаған.


Жұбайлар уақытша үзіліс алып, бөлек тұруға шешім қабылдаған.


"Біз екеуміздің бөлек тұрып жатқанымызға бір жылдан астам уақыт өтті. Себеп - ортақ әңгіме жоқ бізде. Ортақ мақсат жоқ. Бірге балаларды өсіру, олардың болашағын шешу деген сияқты ортақ әңгімеміз болған емес. Ешқандай да кикілжің әңгіме болған жоқ. Ешқашан ұрысып көрмеген адамдармыз. Қатты сөйлеп көрмегенбіз. Ол маған қол тигізіп те, қатты сөйлеп те көрмеген адам. Ер мен әйелдің арасында бала-шағаға көрсетпей, ұрыстың, ашық әңгіменің болғаны дұрыс екен. Бізде ондай әңгіме де болған жоқ. Бәлкім ол мені ренжітіп алуға қорыққан болар. Мүмкін мен оны ренжітіп алудан қорыққан шығармын. Бірақ, ортақ әңгіме болмады арамызда. Сол үшін кішкене өзгеру мақсатында "бәлкім өзгерер, бәлкім басқаша болар, өзі ойланар" деген мақсатпен біраз уақыт бөлек тұрған дұрыс-ау деп шештік. Түбегейлі шешім емес, біз бір-бірімізге уақыт бердік" , - деді әнші.


Оған қоса, Индира Расылхан жолдасы екеуінің қарым-қатынасының бұзылуына не себеп болғанын айтып өтті.


"Басында біз бас қосқан кезде менің аяғым ауыр болды. Мен үйде отырдым. Ол жол апатына түсіп, омыртқасы сынып, төрт-бес ай тұрмастан жатты. Оған жұмыс істеуге болмайтын болғандықтан бір жарым-екі жыл көлемінде жұмыс істеген жоқ. Соған үйреніп қалды ма екен?! Мен барлық нәрсені жасап, азық-түлікті де өзім алып, ер адамның жұмысын да атқарып жүрдім. Өзім шапқылап жүргенмін. Сосын жұмыс барысы болса, сәл ерініңкірейтін болды. Сол әдетке айналып кетті. Бір жағынан бұл жайт та отбасылық өміріме кедергі болды" ,- деді Индира.




 




Көрілген: 2508    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.10.2019, 17:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31