Өркениет

«Ит болып тапталып жатқанын көргенде»: Тоқтар Серіков қазақ халқын қорқаққа теңеді

  • «Ит болып тапталып жатқанын көргенде»: Тоқтар Серіков қазақ халқын қорқаққа теңеді

    «Ит болып тапталып жатқанын көргенде»: Тоқтар Серіков қазақ халқын қорқаққа теңеді

"Тура жауабын айтатын болсам, үйірімнен бөлініп қалған сияқты боламын", - деп шарасыздығын білдірді.
"Қазақ өзі жалқау ғой. Егер мен жалқау болатын болсам осындай дәрежеге жететін бе едім!? Егер мен жалқау болсам, қаймана қазақ мені Тоқтар деп танымайтын еді. Бұл - бірінші. Екінші, абырой деген бар. Абырой кіршіксіз үлбір дүние ғой. Ол сәл қышасаң жыртылып кететін дүние. Соны бір жыртып алмай келе жатқаныма шүкіршілік етемін", - деп сөзінің әлқиссасын бастаған әнші Тоқтар Серіков екі тілде сөйлеумізді қорқақтыққа балады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Мақтамен бауыздағандай болып, қазақтың кемшілігі айтқан Тоқтар Серіков сондай-ақ, қазақ қыздарының жағдайын айтып ғана қоймай, қазақ тілінің мүшкіл халін туралы ойтолғатты. Көңіліндегі көрікті ойларын әнші "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

"Көріп тұрған нәрсеге жете алмайтындығымыз, басқа ұлттың өкілі келіп бізге үкім айтып тұрғанда, басымызды сүмірейтіп қарап тұратынымыз, өзіміздің тілімізде сөйлей алмайтындығымыз, қарындастарымыздың кім көрінгенге жем болып, ит болып тапталып жатқанын көргенде үндей алмайтындығымыз менің жүрегімді ауыртады. Екі тілде сөйлеуіміздің өзі қорқақтық ғой", - деп ел тағдырына немқұрайлы қарамайтынын білдірді.

Сұхбат барысында жүргізушінің әлеуметтік желіге ішкен-жегенін салып, жеткен жетістігі туралы айтатын әртістер жайлы қойған сұрағына: "Тура жауабын айтатын болсам, үйірімнен бөлініп қалған сияқты боламын", - деп шарасыздығын білдірді.

Оған қоса, "Депутаттардың болсын, біреуінің маңызды дүние шешіп жатқан жатқанын көрген жоқпын" деп "ұйықтап отыратын депутаттардың партиясына шақырса да бармайтынын айтып қойды. 




Көрілген: 3833    Пікірлер: 0

сенбі, 29.02.2020, 20:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30