Өркениет

Жақындарыммен татуластым: Мәдина Сәдуақасова жақсы жаңалығын айтты

  • Жақындарыммен татуластым: Мәдина Сәдуақасова жақсы жаңалығын айтты

    Жақындарыммен татуластым: Мәдина Сәдуақасова жақсы жаңалығын айтты

Мәдина Сәдуақасова жақындарымен бірге. Әнші біраз уақыт отбасылық жағдайын жасырын ұстады. Желі қолданушылары әнші мен жолдасы екеуінің арасы жақын емес деп болжады. Сәдуақасова сұхбатында жақындарымен татуласқанын айтып көпшілікті қуантты.

Бұл туралы "Без фильтров" бағдарламасында айтылды. 

 
Мәдина Сәдуақасова әйел заты көп уақытын отбасына арнауы тиіс деген пікірде. Әсіресе, әнші үшін Жаңа жыл отбасылық мереке. Бұл жылды әнші жақындарымен, отбасымен қарсы алған. 

"Әйел адам көп уақытын отбасына арнауы тиіс. Карантин көп нәрседен шектегенімен, көп нәрсеге үйретті. Мен ас үй адамы емес едім. Тамақ жасауға жоқ едім. Қазір аз да болса жақынмын. Қамыр жайып, небір тағам жасап үйрендім. Карантин уақытында үйде болдық. Көмекшім болған жоқ. Карантин жақындарыммен жақындастырды. Шығармашылығым тоқтаған жоқ. Қайратпен ән жаздым. Фото түсірілімдер жасадым. Ескі әнімді өңдеп қайта жаздық", - дейді ол. 


Ауылға барған Мәдина Сәдуақасова сиыр сауып елді таңғалдырды (видео)

"Сен әдемі әйелсің деп айтады": Мәдина Сәдуақасованың сексуалды киінуіне жолдасы қарсы емес

Дегенмен Мәдина үшін ешқандай сәнді сахна көрерменді алмастыра алмайды. 

"Қанша жерден сахнаны көркемдеп қойса да, әртістер шабытты көрерменнен алады екен. Көрерменсіз әртіс әртіс емес. Біз көрермендерді сағындық. Қошеметті сағындық", - дейді Сәдуақасова. 

Мәдина былтырғы жыл мен биылғы Жаңа жылды қалай қарсы алғанын сөз етті.

"Былтыр отбасыммен Малайзияда болған едім. Ол кезде отбасым бірінші ұшып кетті. Мен әуежайға келсем, бір ғана ұшақ бар екен, бірақ орын жоқ. Алматыда қаламын ба деп ойладым. Менің өмірде осылай жолым болады. Сәті түседі. Әуежайдан кетпедім. Қалайда ұшуым керек деп ойладым. Сәті түсіп, бір жолаушы келе алмай қалды. Мен соның орнына ұшып кеттім. Малайзияға барсақ, "2020 жылды" отпен жазып қойыпты. Сол кезде сескеніп қалдым. Неге отпен сәндеп қойған деп ойладым. Сол жыл шынында да ауыр жыл болды. Биылғы Жаңа жылды отбасыммен қарсы алдым. Жақындарыммен татуластым. Жаңа жыл мерекесі ренжіскен адамдармен татуласуға мәжбүрледі", - деді әнші. 

Әнші не себепті желіде мұңды жазба жазып кеткенін түсіндірді.

"Бір кездері құрбыларым, жақындарым мені түсінбей кетті. Мен оларды түсінбей кеттім. Менімен санасуды, менің ойыммен санасуды қойды. Мен үлкен адаммын. Мен өзім қалағанша өмір сүргім келеді дегенді ешкім түсінбеді. Сол кезде желіде мұңды жазба жаздым. Ол өтпелі кезең. Қазір бәрі жақсы", - деді Сәдуақасова. 




Көрілген: 2530    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.01.2021, 15:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31